ХХІ ғасыр — ақпараттық коммуникациялық технология қарыштап дамыған ғасыр. За- манауи ақпараттық технологиялардың арқасында Қазақстанда «электронды үкімет» пай- да болды. «Электронды үкімет» мемлекеттік билікті алмастырмайды. «Электронды үкімет» дегеніміз — мемлекет атқаруы тиіс барлық қызметтің электронды түрі. Ол ақпараттық технология арқылы азаматтар мен ұйымдарға сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге бағытталған. Осылайша, электронды үкімет арқылы мемлекет азаматтармен қарым- қатынасқа түседі. Электронды үкімет билік пен халықтың, билік пен бизнестің, басқа да ұйымдардың арасында кері байланыс орнатады. Кез келген азамат интернет арқылы мемлекеттік билік органдарының сайтына кіре алады. Елімізде «Қазақстанның электронды үкіметі» порталы бар. Электронды үкіметтің egov.kz сайтына кіріп, адамдар қажет ақпаратты тауып алады. Сайтта министрлердің аты- жөні, өмірбаяны, жұмыс кестесі, ведомствоның қызметі туралы ақпарат бар. Электронды пошта арқылы кез келген ведомствоға, министрге, мемлекет басшысына хат жазуға бо- лады. Азаматтар үйден шықпай, egov.kz сайтына кіріп, түрлі анықтамалар ала алады, заңды тұлғаны тіркейді. Электронды үкімет: • мемлекеттік қызметті алу: мекенжай туралы анықтама алу, жылжымайтын мүліктің бар/жоғы туралы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, т.б. • коммерциялық қызмет: теміржол не әуе билетін броньдау, ұялы байланыс қызметіне ақы төлеу; • өтініш беру, лицензия алу: бизнесті тіркеу, несие есебін тіркеу, т.б.; • бюджеттік төлемді төлеу: салық төлеу (төлқұжат алғаны үшін), айыппұл төлеу (жол жүру ережесін бұзғаны үшін), т.б. қызмет көрсетеді. Қазақстан ТМД елдерінің арасында электронды үкіметтің дамуы, қолданылуы жағынан алдыңғы орында. Электронды үкімет халық пен биліктің арасын жақындатып, демократиялық қатынастардың дамуына ықпал етіп отыр.
Мәтін мазмұны бойынша ұсынылған ойлармен келісетініңді не келіс- пейтініңді айт. Өз ойыңды дәлелде. Үлгі: Мен «...» деген оймен келісемін/келіспеймін. Себебі ... . 1. ХХІ ғасыр — ақпараттық коммуникациялық технология қарыштап дамыған ғасыры. 2. Электронды үкімет билік пен халықтың, билік пен бизнестің арасында кері бай- ланыс орнатады. 3. Кез келген азамат интернет арқылы мемлекеттік билік органдарының сайтына кіре алады. 4. Электронды үкімет халық пен биліктің арасын жақындатады.