I. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Біздің көгілдір түсті Туымыз бірлік пен аман-
есендікті білдіреді. Тудың ортасындағы сәулесін шашқан
алтын Күн-тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы ерте заманнан бері қыранды «киелі,
қасиетті құс» деп есептеген. Тудың сабына ұлттық ою-
өрнек салынған.
Мемлекеттік әнұранның авторы-Дәмші Қалдаяқов,
сөзін жазғандар-Жүмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан
Назарбаев. «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан
Республикасының Әнұраны ретінде 2006 жылы 10
қаңтарда Елбасын ұлықтау рәсімінде алғаш рет
орындалды.
1. Мәтін не туралы, мәтінге ат қойыңыз.
( )
2. Мәтінде берілген сөздердің синонимін тауып,
14
жазыңыз.
Мұхтар Шахановтың бұл шығармасында, әке мен баланың қателіктері жайлы айтылған.Әке кейіннен өз қателігін түсініп, дала заңына бағынып, баласын садақпен өлтіреді. Бұл шығармада әкенің қателігі балаға кішкентай кезінен бастап дұрыс тәрбие бермеуі .Әке балаға Махамбетті жек көретінін айтып, дұрыс жасамады ,сол себепті, бала кішкентайынан әкесін дұрыс түсінбей ,есейгенде Махамбетті өлтіреді. Ал әке 《Махамбеттей батырға, Бүкіл халық ғашық болса айыппа》 деп өз қателігін баласына айтады. Мұнда айтқым келгені, адамның нақты ойын білмей тұрып, оны кінәлауға болмайды. Соны түсінген әкесі 《Ақын деген киелі аққу самғаған ,Ал ендеше ,аққуды атқан пендені, қай атаңнан көріп едің оңбаған》деп ,баласының Махамбетті өлтіргені үшін өзінің де өлуін талап етіп, оны бір тауға апарып ,әкесі садақпен атып жібереді.
(111 сөз)
Өмірге келген әрбір жанның басына берілетін бақ пен Алланың әмірімен жазылған өмір жолы, тағдыры болады. Әр адам өз арман-мақсаттарымен, алған тәрбиесімен ерекшеленеді. Сол тәрбиені беруші – әлпештеп отырған ата-анамыз. Ең бақытты жандар – ата-ананың мейірімін, қамқорын көріп, қасында жанашыр анасы мен қамқор әкесі барын біліп, жан жылуын сезініп өскендер. Ал сол бақыттың қадірін ұғына алып жүрміз бе?! Ата-анамыз өзіне тиісті құрметті көріп жүр ме?
Бүгінгі ата-ананың рөлі, расымен-ақ тым төмен түсіп барады. Қолдағы алтынның қадірі жоқ деген. Ата-анасы балам қатарынан қалмасын, қиналмасын, еңсесі тік жүрсын, ауырмай-сырқамай аман жүрсін деп бала жағдайының барлығын жасауға тырысады. Ағаш секілді жемісін де, жапырағын да, бұтағын да, жанын да, тәнін де береді. «Түн ұйқысын төрт бөліп» деген даналық бар қазақта. Бар айтпақ ойымыз осы сөздердің астарында тұр.
Ал бұл жақсылықтары үшін әке-шеше баладан еш ақы сұрап жатқан жоқ. Ата-ана қадірін оның ең басты бір ғана әрекетінен-ақ түсініп, сыйлауға болады ғой. Олар саған басқа ешкім бере алмаған нәрсені берді. Саған өмір берді. Ол өмірді саған дос та, махаббат та, ұстаз да, ғұлама да бере алмас еді. Алғаш басқан қаз-қадамымыз, былдырлап шыққан алғашқы бала тіліміз, қолыңа шоқ гүл алып, мектепке барған сәтіміз, алтын ұядан түлеп ұшқан кезіміз, осы сияқты әр алуан өмір тынысында ата-анамыз қашанда жанымызда. Олардың орнын басар адам жоқ және болуы да мүмкін емес.
Өмір – сын. А болған соң қиындыққа тап болып, тығырыққа тірелер күндер болады. Осындайда жаныңнан ана мен әкеден басқа табылар жан кемде-кем.