К 27 октября 2020 11:31
1-тоқсанға арналған жатық бағалаудың тапсырмалары
Сыныбы-
Oyu аты-жені:
1-тапсырма берілген диалогті мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
- Сәлем, достар! Менің атым - Аружан. Мен Қазақстаннан келдім.
Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік
таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің
туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар - бейбітшіліктің белгісі.
Салем! Менің атым - Энди. Мен Американың Огайо штатынан
келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен
өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр.
Менің атым - Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-
дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым.
Қазақстан халқы маған өте ұнады.
- Иа, Акира. Біздің халық ете мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды
уана қарсы алады. Достар, сендермен танысаныма өте қуаныштымын!
- Біз де қуаныштымыз!
Бұлардың ішінде тез жүгіруге, ін қазуға, жүзуге, ағашқа өрмелеуге бейімделген түрлері кездеседі. Салмағы 0,1 – 4,5 кг, дене тұрқы 12 – 75 см, Мадагаскар аралы, Оңтүстік Американың оңтүстік аймағы, Антарктидадан басқа барлық жерде таралған. Шөп, ағаш қабығын, бүршігін, бұтағын жейді. Жылына 4 рет 2 – 8 (кейде 15) көжек туады. Тұрақты іні болмайды, көжегі жүндес, бірден жүріп кететіндей жетіліп туылады, бірнеше күннен кейін өзі қоректенеді. Үй қояны ғана ін қазады, топ-топ болып тіршілік етеді. Көжегі көзі ашылмай, өте дәрменсіз, қызылшақа болып туылады. Кәсіптік маңызы бар, әуестік үшін де ауланады. Қоянның кейбір түрлері жайылымға, жеміс бағына, жас орманға үлкен зақым келтіреді. Кейбіреулері індет таратады. Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.
Арман алысқа жетелейді демекші менің де өз арманым бар.Менің арманым-әнші болу.Әншілікті жаным сүйеді.Бірақ бұл жай ғана ойым,болашақта басқа мамандық таңдап қалуым да ғажап емес.Жалпы өзім патриоттық,лирикалық,классикалық әндерді сүйіп тыңдаймын.«Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші армансыз адам да болмайды.Қазіргі арманым ата-анама үлгілі қыз болып,сабақты жақсы бітіру.Ата-ана баланың көз қуанышы,бірақ қыз бала үшін ананың орны өте зор,сондықтанда анамды қуантқым келеді.Жаман оқимын дей алмаймын,құдайға шүкір сабақты жақсы оқып жүрмін.Арманымыз биікте болсын!Әрқашанда арманымызға ұмтылып,талпынып,шарықтау шегіне жетейік достар!