«Кім жылдам?» Жұптық жұмыс. Бірінші оқушы зат есімді айтады, екінші оқушы оған тіркесетін көмекші есімді жылдам тауып айтуы керек. Қай жұп көп әрі дұрыс сөз тіркесін құраса, сол жұп жеңімпаз болады. Мысалы: 1-оқушы: «Көше», - десе, 2-оқушы: «Көшенің бойы» деп айтуы керек.
Біздің отбасымыздағы қонақ күту дәстүрі.
Менің отбасым өте үлкен. Біздің үйде атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен бәріміз бірге тұрамыз. Әр отбасының өзіндік ережелері мен дәстүрлері болады. Біздің отбасымыздың жақсы дәстүрлері қатарына отбасы болып демалу мен қонақжайлылықты жатқызатын едім.
Атамыз қазақ қашан да тағамды аса бағалап, қадір тұтқан. Әжем мен анам үйге келген кісіні ең болмаса нан ауыз тигізбей жібермейді және үнемі «Астан үлкен емессің» біздің құлағымызға қазірден бастап құйып отырады. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.
«Үлкен кісі - шежіре» демекші атам мен әжем әрқашан бізге ақылдары мен өсиеттерін айтып, тәрбиелеп отырады. Атам мен әжем өте қонақжай кісілер. Біздің үйге қонақ жиі келеді. Қонақ күткенді бәріміз ұнатамыз. Алыс жақындағы туған - туыстардың бәрі біздің қалаға жолдары түссе, біздің үйге келіп, ат басын тірейді. Ас үйіміздің қақ ортасында үлкен, дөңгелек үстел бар. Осы үстелдің басында барлығымыз жиналып шай ішіп, әңгімелескенді ұнатамыз. Қонақжай қазақ болғандықтан дастарқанымыз жиылмай, қонақ келіп қалса, үнемі дайын тұрады. Біздің отбасымыз өте тату. Мен отбасымда жақсы көремін!
Білетінің бір тоғыз,
Білмейтінің тоқсан тоғыз.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Күш - білімде, білім - кітапта.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.
Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың - мұзға жазғанмен бірдей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Ұстаздан шәкірт озар.
Алтын алма, білім ал.
Ғылым - теңіз, білім - қайық.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Жердің сәні - егін,
Ердің сәні - білім.
Өмірдің өзі - ұлы ұстаз.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
Ілім - бұлақ
Білім - шырақ.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Оқу түбі тоқу.
Ойнада күл,
Оқыда біл.
Білім - ер азығы,
Ер - ел азығы.
Оқу - білім азығы,
Білім - ырыс қазығы.
Оқу - білім бұлағы,
Білім - өмір шырағы.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Білім таппай мақтанба,
Өнер таппай баптанба.
Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.
Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.
Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.
Туа білмейді, жүре біледі.
Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды