В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Сергій098765
Сергій098765
01.02.2021 22:02 •  Қазақ тiлi

Көмектесіңдерші өтінемін​


Көмектесіңдерші өтінемін​

Показать ответ
Ответ:
yeghiazaryanhap01lbi
yeghiazaryanhap01lbi
18.03.2020 04:06

ответ:– Сәлем. Есімің кім?

– Сәлем. Аяжан, сенің ше?

– Әсем. Олимпиадаға қандай пән бойынша қатысуға келдің?

– Қазақ тілі. Өзің? Біздің мектепке қош келіпсің.Қай мектептенсің?

– Математика. №3 мектеп.

– Бұл мектепті мен көрмеппін. Айтып бересің бе?

– Әрине. Менің мектебім 4 қабатты. Сыртын ақ кірпіштер қоршаған, ал шатыры қоңыр. Біздің мектептің ауласы үлкен. Спорт алаңының өзі көптеген спорт түрлеріне арналған. Әрі аулада ағаштар, гүлдердің небір түрі өседі.

– Асханасы қандай? Кітапхана ше?

– Асханасы сендердікіне қарағанда кіші, бірақ тағамдары арзандау. Кітапхана 2-қабатта. Іші кең әрі кітапханашы апай бізде сондай мейірімді. Кейде тәттілер беріп тұрады.

– Керемет. Мен барып көргім келеді.

– Мүмкін осындай байқаулар боп жатса келе жатарсың. Жарайды, кездескенше. Қорытындысы шығып жатыр.

– Иә, сау бол!

Объяснение:на тему "моя школа"

0,0(0 оценок)
Ответ:
senchaignatov
senchaignatov
01.04.2022 11:20

Біздің ауланы сыпыратын өте пысық апай бар. Бір, екі аула емес, төңіректегі біраз үйдің ауласын тазалап, аттандап жүреді. Орысшаға да судай! Талай жыл бір институтта мұғалім болған, әлі де сонда істейді ау деймін. Сол апайымыз, соншама ауланы игеру үшін көмекшіге жарымай жүрді. Енді міне, төрт-бес айдан бері екі көмекші тұрақтанды. Екеуі де қазақ жігіттер, тек,.. БОМЖ. Екеуін желкелеп өз үйіне апарып, суға түсіріп, киімдерін өртеп, күйеуі мен баласының киімдерін кигізіп, үш мезгіл тамағын беріп, бір подвалдың бөлмесін тазалап, жатқызыпты. Екеуін қатал бақылауда ұстайды. О баста "Бомжды қанша асырасаң да бөтелкеге қарап ұлиды" - деген қағида еске түсіп, "мұнысы қаншаға барар екен?" - деп жүр едік, жоқ, әлгі екеуі адам болып қалды. Таңмен тұрып, әйтеуір айғайшы апайдың жанында тыным таппай жүреді. Айнала мұнтаздай! 

Қалта тілипонды лақтыра салайын деп шыға келсем, "Ассалаумағалайкөм!" - деп, сол екеуі біздің есіктің алдын сыпырып жатыр екен. Амандасып, өтіп кеттім де, артыма қарап, жұмыстарын қадағаладым. Екеуі ақырын ғана күбірлесіп сөйлеседі. Біреулердің балконнан лақтырған, біреулердің "байқамай" түсіріп қалған қоқыстарын бас шайқап қойып, теріп, тазалап жүр. Жасы үлкендеуі жастауына бағынады екен. Сол жастауын шақырып алдым.

- Телефоның бар ма? - дедім.

- Қайдағы... - деп, езу тарты. "Диуанадан айдың басын сұрағаның не?" - деп, өзімді іштей бір ұрсып алдым.

- Ендеше, мә, ал мынаны. Беті сынған демесең, істеп тұр - деп, ұстата қойдым сынық телефонды.

Алғысын жаудырып, алып қалды. Сосын апай кездесіп, "Менің балаларыма телефон бергеніңіз рас па?" - деп, тергеп алды. "Қайдан ұрладың?!" - деп, біраз шаңын қағып едім, "әртіс аға сыйлады" деді. Рас болды. Рахмет! Өзім де екеуіне жаңа жылда сыйлайын деп, арзан телефон алып қойып едім" - дейді.

Арада бірнеше күн өтті. Бүгін таңда екеуі тағы аулада жүр екен. Арсалаңдап келіп, амандасты. 

- Телефоның істеп тұр ма?

- Алла разы болсын, аға, істеп тұр. Үймен сөйлесіп тұрмын, олар да қуанып жатыр!

- Қар жауды, жұмыс қиындаған шығар?

- Ой, аға, қар деген табиғаттың сыйы ғой. Адамның қоқысы таусылмайды. Көпшілігі өздерінің қалаға көшіп келгенін әлі түсінбей жүр ғой деймін. Бірақ, біз ауылда да ауланы таза ұстаушы едік. Аула түгіл, мал қора күнде тазаланатын еді ғой. Мына жұрт сол мал қораны көрсе, ұялар ма еді? Көшеге «мусыр» тастаған адамның миының іші «мусыр» шығар - деп, ары кетті. Мен мәшинеме беттедім. Екі мәшиненің қалқасына біреу пакет толы қоқысын тастай салыпты. Қоқыс салатын жәшікке апаруға асыққан болу керек. Анау екеуінен ұялып, жәшікке өзім апарып тастадым.

Алматы менің де, Сіздің де қалаңыз ғой, ағайын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота