Күн райы болжамын қайдан білуге болады? Күн райы болжамын кім айтады?
2. Ойланып, сұраққа жауап бер.
Ойланайық
Ауа температурасын көрсететін құрал қалай аталады?
Сынап бағанасы 0-ден жоғары болса, нені білдіреді?
сынап бағанасы 0-ден төмен болса, нені білдіреді?
сынап бағанасы +18 градус болса, күн қандай болады?
1. Күн райы болжамын синоптиктер айтады.
2. Күн райы болжамын ауа райы бағдарламасынан білуге болады.
3. Ауа райы температурасын көрсететін құрал термометр деп аталады.
4. Сынап бағанасы 0-ден жоғары болса күннің жылы екенін білдіреді.
5. Сынап бағанасы 0-ден төмен болса күннің суық екенін білдіреді.
6. Сынап бағанасы +18 градус болса, күн жылы болады.