В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
savolyukm
savolyukm
05.04.2020 23:58 •  Қазақ тiлi

Күн шығар алдындағы мезгіл? Таңның атуы мен күннің бату арасы? /
Күннің көтерілген кезі?
Күннің орта тұсы?
Күн әбден көтерілген кез?
Ымырт жабылған, қас қарайған шақ?
Кештен таңертеңгілікке дейінгі қараңғы бөлік?​

Показать ответ
Ответ:
lina2017qa
lina2017qa
13.06.2021 10:23

Объяснение:

Күн шығар алдындағы мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді халқымыз таң немесе таңертең деп атайды. Кейде "азан", "сахар" деген араб тілінен енген сөздер де қолданылады. Бұл мезгілдің қазақша мынадай атаулары бар. Алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі. Құланиек, құлын сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

2. Күн көкжиектен көтерілген мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді қазақ халқы сәске деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: Сиыр сәске – күн артқан бойы көтерілген кез. Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

3. Күннің орта мезгілі Өңдеу

Күннің орта мезгілін түс деп атайды. Бұл – түскі тамақ ішіп, тынығатын уақыт. Тал (талма, тапа–тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, тынығатын шақ, сағат 1 шамасы. Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы.

4. Күн еңкейген мезгіл Өңдеу

Түс ауып, күн еңкейген мезгілді бесін деп атайды. Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шек. Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл. Құлама бесін – күн еңкейген кез. Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы. Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

5. Күн ұясына бата бастаған мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді қазақ халқы ақшам, ымырт деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: Алакеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл. Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт. Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

6. Түн мезгілі Өңдеу

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы. Іңір – күн батып, қас қарайған кез. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез. Жарым түн – түннің ортасы.[1]

0,0(0 оценок)
Ответ:
alla5051
alla5051
13.06.2021 10:23

ответ:Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары:

Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.

Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Күн көкжиектен көтерілген мезгілдің атаулары:

Бұл мезгілді сәске деп атайды.

Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.

Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

Күннің орта мезгілінің атаулары:

Бұл мезгілді түс деп атайды.

Тал (талма, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат 1 шамасы

Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы

Күн еңкейген мезгілдің атаулары:

Бұл мезгілді бесін деп атайды.

Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ

Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл.

Құлама бесін – күн еңкейген кез.

Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы.

Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

Күн ұясына бата бастаған мезгіл атаулары

Бұл мезгілді ақшам, ымырт деп атайды. Оның мынадай атаулары бар:

Алагеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл.

Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт.

Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез.

Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

Түн мезгілінің атаулары:

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы.

Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл.қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез.

Жарым түн – түннің ортасы.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота