В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

. Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай (Саты), Орта Көлсай (Мыңжылқы) және Жоғарғы Көлсай орналасқан.

Ең терең көл – Төменгі Көлсайдың тереңдігі 80 метрге жетеді. Суы мөлдір де айнадай. Таңертеңгі уақытта көл бетіне таулар мен аспанның сәулесі түседі… Осынау күн сәулесімен жылтылдай құбылатын көрікті көріністерді сағаттар бойы сүйсіне қарап отыруға болады. Су астындағы өсімдіктер де айрықша жарқырап көзге шалынады. Тап-таза көл суынан кемпірқосақ түсті ханбалықты оңай көруге болады. Төменгі Көлсай көлі теңіз деңгейінен 1818 метр биікте жатыр.

Таудың арғы жағында 2850 метрлік биікте ең биік көл – Жоғарғы Көлсай орналасқан. Бұл – «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі үш көлдің ішіндегі ең кішкентайы, ең таязы және ең суығы. Бұған су тұп-тура мұздақтардан кеп қосылады. Жартасты жағалауларға бұталар мен тау гүлдері көрік береді. Ал Тянь-Шань шыршалары бұл арада онша көп емес. Төменгі Көлсайдан Жоғарғы Көлсайға дейін тау ішімен 16 километр жүріп өтуге әркімнің шамасы жетпейді. Тап осы жерден экстримал-туристер Сарыбұлақ асуы арқылы Ыстықкөлге жаяу аттанады…

Жоғарғы Көлсайдан өзен ағып шығады да Ортаңғы Көлсайды (Мыңжылқыны) мұздақ суымен қоректендіреді. Ортаңғы Көлсай теңіз деңгейінен 2252 метр жоғарыда орналасқан. Ортаңғы Көлсайдың тереңдігі 50 метрге жетеді. Бұл – үш көлдің ішіндегі ең үлкені. Оның сыртқы түрі жүрекке ұқсас. Бұнда Тянь-Шань шыршалары патшалық құрған. Жағалауда жеміс-жидекті бұталар көп. Ауаға қылқан жапырақтылардың хош иісі мен тау салқындығы сіңген. Жан баспаған пәк табиғат жолаушыны шаттыққа бөлеп, еліктіре түседі. Көлсай өзендерінің аңғарымен бірінші көлге қайта ораламыз.

Жер жәннаты атанған Жетісудың тамаша табиғаты туралы әңгіме бола қалғанда, көпшілік қауымның «Көлсай көлін айтсаңшы, табиғаты қандай ғажап?!.» деп таңдана таңдай қағатыны ақиқат.


. Күнгей Алатауының аңғарында табиғи жағдайда пайда болған көрікті үш тау көлі – Төменгі Көлсай (Сат

Показать ответ
Ответ:
gerasimovna
gerasimovna
15.10.2020 16:44

Қазақстанның ауа райы

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота