Кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін, белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Қолданылатын еңбек құралдарына қарай (машинист, автоматшы), еңбек заттарына қарай (машина жасаушы, кенші), еңбек затына әсер ету тәсіліне қарай (бұрғылаушы, қалыптаушы) немесе өндіріс процесінде орындалатын жұмыстың мазмұны мен сипатына, атқарылатын міндетіне қарай бөлінеді. Көптеген кәсіптер мамандықтарға ажыратылады: аспапшы-слесарь, инженер-механик, тағы басқа: Разбор любых 10слов по составу Корень суффикс окончания
Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес үкіметі тұсында сыртқы саудаға қатыса алмады. Ал қазір өзінің егемендігін алғаннан кейін ол сыртқы саудадағы ролін арттыруға мақсат етіп, оны жан-жақты қамтып отыр. Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикасы халықаралық саудада ең елеулі орынды алып отыр. Қазақстан ендігі халықаралық сауданы дамыту жолында. Қазақстан Республикасында халықаралық сауданың дамуы ежелден келе жатыр. Оны Жібек жолы бойындағы сауда жолдарының қызметінен көруге болады. Міне сол уақыттан бері Қазақстандағы халықаралық саудада болып жаткан өзгерістерді анық көруге болады, яғни ол кезде Қазақстан Республикасы аз ғана елдермен сауда қатынасына түскен болса, қазіргі кезде Қазақстан Республикасы 120 елмен халықаралық сауда қатынастарына түсуде.
Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.