Кітап дүкенінде кітап сатып алу үшін Алмас , Кәмшат , Гауһар , Нұржан кезекке тұрды . Алмас Кәмшаттан бұрын , бірақ Нұржаннан кейін тұр . Гауһар мен Нұржан қатар тұрған жоқ , ал Болат Нұржанның да , Алмастың да , Гауһардың да қасында тұрған Коқ . Балалар кезекте қандай ретпен тұр ? Болат және
Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер.
Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан:
анықтауыш;
толықтауыш;
пысықтауыш.
Осылайша жіктеуде олардың тұрлаулы мүшелерге мағыналық қатынасы негізге алынады. Дегенмен, олардың қай сөз табынан болған мүшемен қатысы да ескеріледі. Мысалы, Ол шебер сөйледі. Ермек шебер ойыншы. Мұндағы шебер сөзі бірінші сөйлемде пысықтауыш, екінші сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Толықтауыш пен пысықтауыш көбіне баяндауышпен, ал анықтауыш көбіне бастауышпен және субстантивтенген басқа мүшелермен байланысты болады десек те, тұрлаусыз мүшелер туралы мәселелер сөздердің тіркесуімен байланыста қаралғанда ғана шешімін табады.
Медеу Сәрсеке – ұлтымыздың кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.
Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пай-даланып, ғалым ғұмырнамасын қиял-қо шынайы оқи-ғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белес-терін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Қаныштай дара дарын өмірін әсірелеусіз ұлықтаған ғұмырнама туынды ел асылын ардақ тұтқан қауымды бейжай қалдырмас деген үміттеміз...
Қолыңыздағы роман-эссе қазақ және орыс тілдерінде 11 рет басылып, әлемнің 112 еліне тарағанын ескертеміз.