- Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын. Бауырмал болса, інің жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдыңа тартқан адал асын, Қимас жақын - қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын, Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын, Өз ұрпағың - шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен, Бәрінен де әйелің жақын...
Алтын ұяң - отаның қымбат, Құт берекең - атаң қымбат, Мейірімді анаң қымбат, Асқар тауың - әкең қымбат, Туып өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат...
Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын, Дәл осындай жағдайда Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын, Тентек болса ер қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас, миың. Қаз дауысты Қазыбек би
Адамның қаңқасы өзара буындар қалтасы және сіңірлер арқылы жалғасқан бөлек – бөлек сүйектерден тұрады. Адамның қаңқасында 200-ден аса сүйектер бар. Олардың 85-і сыңарлы, ал 36-сыңарсыз. Ерлер сүйектері дененің жалпы салмағынан 18%-на, әйелдердікі – 16%, нәрестелердікі – 14% тең. ... Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қолдан тұрады. Бас сүйегі ми сауыты мен бет сүйегі бөлімдерінен тұрады. Ми сауыты өзара берік және қимылсыз байланысқан сүйектерден құралады. Тұлға қаңқасы омыртқа жотасынан, қабырғалардан және төстіктен тұрады. Омыртқа жотасы немесе омыртқа бағанасы мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйымшақ болып бөлінеді. Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады
- Тату болса, ағайын жақын,
Ақылшы болса, апайың жақын.
Бауырмал болса, інің жақын,
Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын - қарындасың.
Сыбайлас болса, нағашың жақын,
Адал болса, досың жақын.
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың - шөберең жақын.
Жан серігің жас кезіңнен,
Бәрінен де әйелің жақын...
Алтын ұяң - отаның қымбат,
Құт берекең - атаң қымбат,
Мейірімді анаң қымбат,
Асқар тауың - әкең қымбат,
Туып өскен елің қымбат,
Кіндік кескен жерің қымбат,
Ұят пен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат...
Арадан шыққан жау қиын,
Таусылмайтын дау қиын,
Шанышқылаған сөз қиын,
Дәл осындай жағдайда
Пана болмас өз үйің.
Жазылмаса дерт қиын,
Іске аспаған серт қиын,
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын,
Тентек болса ер қиын,
Не істеріңді біле алмай,
Ашиды сонда бас, миың.
Қаз дауысты Қазыбек би