В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
StasKras01
StasKras01
12.06.2022 10:16 •  Қазақ тiлi

КАЗ ЯЗ ТЕСТ, 25 ВОПРОСОВ, ВСЕ ИЩУТСЯ В ИНЕТЕ САМОМУ НЕТУ ВРЕМЕНИ ИСКАТЬ, ЗАРАНЕЕ БЛАГОДАРЮ 1. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз: А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) Ил-86 мен Е) см.ден 2. Қосымшаның қанша болатынын көрсетіңіз: А) 1 В) 3 С) 4 Д) 5 Е) 2 ✓ 3. Тәуелдік жалғауының екінші жағында, сыпайы түрде тұрған сөзді табыңыз: А) Кәсіпорындарыңда В) Ұлттарымыз С) Қазынаңыз Д) Үйіміздегі Е) Қалам 4. Көмектес септігіндегі сөзді табыңыз. А) Қаламым, қолым, еңбегін С) желінің, зарядқа, тұтынушыға Д) студентсің, ұстазбын, ақылдысың Е) тұтынушыдан, электриктен, орталықтан 5. Туынды сөзді табыңыз: А) Еңбекші В) Еңбекті С) Еңбегің Д) Еңбектен Е) Еңбекпен 6. Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді көрсетіңіз: А) Көрме В) Үрле С) Күлкілі Д) Қызғылт Е) Бағала 7. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз: А) Кеншінің В) Табалдырық С) Диспетчер Д) Кеншінің Е) Ауылданбыз 8. Септік жалғауы жалғанған сөзді көрсетіңіз: А) Көріксіз В) Экономикалық С) Орталықтандырылған Д) Қашты Е) Қағазды 9. Қосарлама қос сөзді табыңыз: А) Бақа-шаян В) Сұп-сұр С) Өзіне-өзі Д) Медпункт Е) Қайта-қайта 10. Қай сөз жіктелмейтінін белгілеңіз: А) Көз В) Студент С) Маман Д) Инженер Е) Сезімтал 11. Күрделі сөздер қатарын белгілеңіз: А) Сен-ақ, үп-үлкен В) Кірпіш, доп С) Сары жайлау, туыстас Д) киім-кешек, ер-тұрман Е) шөпшек, үйшік 12. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз: А) Бірнеше кісілер В) Студенттер С) 250 қойлар Д) Екі құрттар Е) Сүттер 13. Септік жалғаулы сөзді көрсетіңіз: Жылу электр орталығының құрылысы басталды А) Электр В) Жылу С) Орталығының Д) Басталды Е) Құрылысы 14. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіз: А) Дефис арқылы В) Бірге С) Бөлек Д) Сызықша арқылы Е) Үтір арқылы 15. «Арманыма» сөзіндегі соңғы қосымшаны табыңыз: А) Тәуелдік жалғау В) Барыс септік С) Көптік жалғау Д) Жіктік жалғау Е) Жұрнақ 16. ’’Біржан-Сара’’ айтысындағы Сараның әкесінің атын табыңыз. A) Тастанбек B) Найзабек C) Тұрысбек D) Бостанбек E) Есімбек 17. С. Торайғыров поэмасын табыңыз. A) «Осы да әділдік пе?» B) «Қамар сұлу» C) «Құралай сұлу» D) «Кедей» E) «Бір ханда екі ұл болыпты». 18. Aбайдың қай қара сөзі тек афоризмдерден тұратынын анықтаңыз. A) Он бесінші B) Отыз жетінші C) Он тоғызыншы D) Үшінші E) Бесінші 19. Жамбылдың шәкіртін белгілеңіз. A) Кенен B) Қаблиса C) Балпық D) Айкүміс E) Нұрила 20. М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасындағы баланың атын табыңыз. A) Жұмаш B) Асан C) Қасен D) Құрмаш E) Бейсенбай 21. «Дауылдан кейін» романының авторын табыңыз. A) Б.Момышұлы B) Ж.Молдағалиев C) Ә.Сәрсенбаев D) Ғ.Мұстафин E) З.Шашкин. 22. Ақан серінің туған жылын көрсетіңіз. A) 1863 ж. B) 1843 ж. C) 1852 ж. D) 1870 ж. E) 1846 ж. 23. Ұлы Отан соғысында каһармандықпен қаза болған талантты ақынның ерлігіне арналған поэманы табыңыз. A) “Ақын өлімі туралы аңыз” B) “Кавказға” C) “Өлім мен өмір белдесті” D) “Жаралы партизан жырлары” E) “Ер туралы жыр” 24. С.Мұқановтың поэмасындағы кейіпкер қызды табыңыз. A) Бәтес B) Разия қыз C) Сұлушаш D) Ботагөз E) Құралай сұлу 25. І.Жансүгіров ″Құлагер″ поэмасында қанша жүйрік атқа жырмен сипаттама жасайтынын табыңыз. A) Жиырма B) Елу C) Жүз елу D) Жиырма бес E) Бәріне.

Показать ответ
Ответ:
SadPlayer007
SadPlayer007
31.12.2022 04:15

               Жақсы бала жеткізеді мұратқа.

"Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры" демекші,әрине,бала - өмірдің тәттісі,болашақ азамат.Оның келешекте сыйлы да ұнамды азамат болуына кішкене кезінде алған тәрбиесі үлкен рөл атқарады деп ойлаймын."Жақсы бала жеткізеді мұратқа,жаман бала қалдырар ұятқа" дегендей,жалпы жақсы бала қандай болуы керек?Оның бойында қандай қасиеттер болады?Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай тап-таза болады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деп атап өткендей,жақсы бала ең біріншеден ата-анасының берген тәлім-тәрбиесін бойына сіңіре алаған болуы керек.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Әр нәрсеге қызығушылықпен қарауы,талапшыл,әдепті,санасы мен жүрегінде ақ ниеті,іс-әрекетінде ұқыптылық,жауапкершілік болуы керек деп білемін.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Болашақ - білімді жастардың қолында" деп атап өтті.Бұл дегеніміз кешегі кішкентай жүрегінде мейрімі бар бала ертең сол мейрімін еліне,жеріне жұмсай алуы елдің дамуына зор әсер етеді дегенді білдіреді.Ал бұлай елі үшін еңбек сіңіру тек жақсы балалардың ғана қолынан келеді деп білемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ЛедиБанка
ЛедиБанка
14.10.2022 09:03
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ(1846 - 1945)АҚЫН ӨМІРІШу өзенінің бойымен жүре берсеңіз Хан және Жамбыл деген екі тауға кез боласыз. Менің әкем Жабай бір кезде осы тауларда көшіп-қонып жүрген. Жамбыл тауының етегінде, қақаған қатты боранды күні мен туыппын! Маған сол көне Жамбыл тауының есімі ат болып тағылыпты. Бұл 1846 жылы  февраль айы екен.Менің әкем Жабай шоқпыт шапанды көшпелі кедей болған. Тұрған жеріміз құлазыған кең, жазық дала еді. Сондықтан да мен балалық шағымда егісті де, бақты да, арықты да көрмедім. Жазық кең дала менің Отаным болды.  Мен киіз үйде өстім. Сол кездегі барлық қазақ балаларындай мені де көшкенде бесігіммен алып жүрді. Бала кезімде мен тентектеу болдым. Қарттарды да, әкемді де тыңдағым келмеді. Мені қозы бағуға жіберетін, мен бармай қоятынмын. Маған отын тер дейтін — мен тіл алмай қасаратынмын. Менің ағам, әкемнің інісі белгілі домбырашы еді. Мен домбыра тыңдауға әуес едім. Он екі жасымда одан домбыраны үйрендім. Домбыра қолыма тигенде барлық тентектікті ұмытып, бүкіл жан жүйем елжірегендей болатын еді. Менің қой баққым келмеді. Домбыра тартып, ән салу мені қатты қызықтырды. Табиғат маған күшті де жуан дауыс берді. Мен далада ән шырқағанда дауысым бүкіл даланы күңіренткендей сезінетін едім.  Он төрт жасымда әкемнен қол үзіп, өзімше күн көруге мықтап бел байладым. Ораза кезінде үй-үйді аралап, жарапазан айтатын болдым. Менің өлеңім жұртқа ұнап, маған сый-сипат көрсете бастады.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота