В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
2003nur
2003nur
01.10.2022 04:49 •  Қазақ тiлi

КАЗАХСКИЙ . Тест. Чтение Только честно . Жазғы салымғы Сібір өлкесінің ұзақ жылымық күндері басталды. Сабақ ерте бітеді. Балалар далаға шығып, корпус қасындағы үлкен алаңда доп ұрып ойнайды.
Өткен күзде ғана Омбыға келіп оқуға түскен кішкене Шоқан қаланың қамау көше, тар үйіне әлі жете үйрене қоймап еді. Оның есіл-дерті кең дала, еркін жүріс, сахара ауасы. Ол көктем басталғалы сабақтан босаған сағатында Ертіс бойына келеді. Алыс қырға көз салып көп отырады. Бүгін де Шоқан ешбір баламен сөйлеспестен Ертіс бойына жөнелді.
Кешеден бері Ертіс өзенінің мұзы босап, қызыл су көтеріліп кетті. Ертіс бойындағы қала жұртшылығына жылдың екі мезгілі ерекше қызықты әңгіме болып қалады. Оның бірі – осы көктемдегі Ертістің мұзы бұзылып, сең жүрген кезі. Екіншісі – күзгі күн суып, Ертістің мұзы қатар кезі.
Шоқанның келгенде отыратын бір ғана орны бар. Ол Ертіс қабағының бір биік жарының үсті. Тағы сол жеріне келіп отырды. Өзен қабағы қаптаған көп адам. Бәрінің таңданары – асау өзеннің бұлқынып, сең дөңгелетіп аспанға атқан сағаты.
– Шоқан Уәлиханов, сен мұнда неге томсарып отырсың? – деді корпус дәрігері Василий Матвеевич.
Шоқан әдеппен сәлем алды.
– Кешірім етіңіз, сіздің келгеніңізді байқамай қалдым.
– Оқасы жоқ. Рахмет, қыран балапаны, – деді Кошелевский. – Сен еркін өскен сахара баласысың. Сонау кең далаңды, аулыңды сағынып отырсың, ә? Түсінемін. Сен мына қалада торға түскен сұңқардың балапаны тәріздісің. Сенің жаның сонау көгерген алыс қырға талпынады. Шіркін, еркіндік қиял қандай әдемі, – деп дәрігер Шоқанның өзіне түсініксіз ой толқынын қозғап жіберді.
– Иә, Василий Матвеевич, дәл айтасыз. Сонау көгеріп мұнартқан далада менің ауылым – елім бар. Қазір біздің ауыл қандай қызықты. Малы төлдеген, өмір думаны сонда ғой. Жаңа сіз сұңқар құсты айттыңыз. Осы көктемде менің әкем қаршыға салады. Ой, шіркін, қыран қаршығаның қаз ілгені қандай қызық, – деді Шоқан аса бір шаттық көңілмен.
– Иә, иә, – деді ойлана дем алып Кошелевский. – Дала баласы, түз қыраны еркіндікті, кең даланы қайда болсын көксемей тұра ма.

1. Асты сызылған жолдардағы негізгі ой.
A) Ертіс өзенінің бойы.
B) Оқудағы Шоқан.
C) Ертісті тамашалаған адамдар.
D) Туған елге, жерге деген сағыныш.
E) Асау өзен.
2. Шоқанның Ертіс жағасына келу себебі.
A) Тыныштықты аңсағандықтан.
B) Табиғатты тамашалауға.
C) Сең көшкінін ұнатқандықтан.
D) Елін сағынғандықтан.
E) Кошелевскиймен кездесу үшін.
3. Мәтіннің тақырыбы.
A) Омбы қаласы.
B) Корпус дәрігері.
C) Шоқан Уәлиханов.
D) Көктемгі Ертіс.
E) Ертіс өзені.
4. Мәтінде суреттелген мезгіл.
A) Көктем.
B) Қыс.
C) Күз.
D) Жаз.
E) Түн.
5. Көп нүктенің орнына тиісті қатарды белгілеңіз.
Мәтін бойынша «дала баласы, түз қыраны» ... көксейді.
A) Ерте келген көктемді.
B) Ертіс бойына баруды.
C) Еркіндікті, кең даланы.
D) Айтыс-тартыс сөздерді.
E) Доп ұрып ойнауды.

Показать ответ
Ответ:
leoni008p08nm5
leoni008p08nm5
08.04.2021 07:10

шгнининп4меаеп3ыв3анлщбгокед9

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота