В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ksenyaandreevn
ksenyaandreevn
19.02.2021 05:52 •  Қазақ тiлi

казахский язык СОЧ
Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар сияқты түрлі мәселелер енеді. Сондықтан ғаламдық демографиялық проблеманы демография, экономика және саясаттың байланыстары тұрғысынан қарастыру қажет. Жер үшін ең үлкен проблема – тез өсіп келе жатқан халық саны. Осы процесті азайту үшін жасалған көптеген әртүрлі әрекеттер іске аспай жатыр. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия көрсетіп отыр. Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады.

Демография – халықтың құрылымын, құрамын, динамикасы мен көбеюін зерттейтін ғылым. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты. Ол адамның мекен ету ортасы мен демографиялық процестердің байланысын зерттейді.

Алайда эпидемиялар мен аштық салдарынан адам саны кеміген жағдайлар да орын алды. Ал ХХ ғасырда адам санының азаюына гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруы әсер етті. Оған Шығыс және Оңтүстік Еуропа, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония елдері дәлел.

Қала – табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремальді орта. Қалада өмір сүру адамның денсаулығына, демографиялық жағдайға ықпал етеді. Себебі қалада уақыт жетіспейді, ақпарат көп, дұрыс тамақтанбайды.

1. Мәтін бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз.(выберите 2 правильных ответа по тексту)

Демография ... .

A. қаланың табиғи ерекшеліктерін зерттейді.
В. тұрғындардың денсаулықтарын қарастырады.
С. урбандалуды, босқындар мәселесін зерттейді.
D. халықтың құрамын, динамикасын зерттейді.
E. халықтың мәдениетін, тұрмысын қарастырады.

3-4. Сұрақтарға қысқа жауап беріңіз.(Вкратце ответь на во Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде қазіргі уақытта қандай жағдай туындауда?

Ең үлкен өсімді көрсеткен азиялық елдер қандай?

5. Перифраздалған сөйлемдердің дұрыс («+»)/ бұрысын («-») анықтаңыз.(определите правильность данной информаций)

Тұжырымды сөйлемдер «+»/«-»

A Қалада өмір сүру адам саулығына әсер етеді.

B Адам санының күрт кемуінен «демографиялық жарылыс» орын алуда.

Қазақстанда демалу неге тиімсіз?

Дубай. Бес жұлдызды қонақ үй. Қазақстаннан келген екі жолдас кездесіп қалады. Бір-бірін жарылқаған кейіпте хал сұрасқан екеудің пысықтау келгені: «Бурабайда демалатын ақшаң болмады ма?..» – дейді...

Бұл анекдоттан біз шындықты ғана көре аламыз. «Бурабайдағы» белгілі қонақ үйлердің бірінде түнеу үшін кемінде 55 мың теңгеге шығындаласыз. Ал Түркиядағы қымбат қонақ үйде 1 күн өткізу үшін 38 мың теңгеңіз болса жеткілікті. Айырмашылықты анық байқап отырған болуыңыз керек.

Жай ғана кіріс туризмінің классикалық есебін шығарайықшы: Бір шетелдік турист елге күніне 100 доллар шамасында кіріс алып келеді. Ішкі туризмнен де пайда айтарлықтай көп және ішкі туризм сыртқыға қарағанда халық үшін тиімді һәм қауіпсіз.

Иә, бұл – екі маңызды артықшылық. Бірақ неге ел тұрғындары өзіміздің Швейцариямыз

– Бурабайға, болмаса өзге де көрікті жерлерге бармай, турагенттіктердің табалдырығын тоздырып, Түркия мен Қытайға жолдама алуға асығады? Айтпақшы, Бурабай ел орталығы Астанадан тым алыс жатқан жоқ. Сол себепті курортқа дейін керемет жол тартылған. Бірақ...

Елдегі туристік орындар туралы мағлұматтарды біз алдымен интернеттен іздей бастаймыз. Міне, олқылығымыз да, кемшілігіміз де осы жерден байқалады. Айтыңызшы, отандық демалыс орындары туралы толық әрі сапалы ақпарат беретін сайтты кездестірдіңіз бе?

Сервистік қызмет, қонақ үй бизнесі туризм саласымен тығыз байланыста. Сондықтан олардың проблемалары да бір: қымбат бағаға нашар қызмет көрсету, кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі, т.б. Қазақстандық туристік ұйымдар қауымдастығының өкілі Айдар Кенжеғұловтың пікірінше, қызмет көрсету деңгейі ғана төмен емес, бізде туризммен байланысты кәсіпкерлік жұмыстар да дұрыс жолға қойылмаған...

6. Cұраққа қысқа жауап беріңіз. (ответьте на во Неге қазақстандықтар шет елге барып дем алуды қалайды?

7. Мәтін бойынша шетел мен Қазақстан туризмін салыстырыңыз.
Қазақстан туризмі Шетел туризмі

8. Отандық туризмнің дамуына не кедергі? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, қанат белгісін (✓) қойыңыз.

A білікті мамандардың аздығы
B ел брендтері дамымаған
C заңда толық
қарастырылмаған
D Қазақстан жолдары нашар
I маркетинг жетілдірілмеген
F сапалы жарнама жоқ
9.ответьте на во Демографиялық жарылыс дегеніміз не?
2. Демографияны не себептен жаһандық мәселе дейміз?
3. Роботтардың қандай кемшіліктері мен артықшылықтары бар?
4. Экотуризм дегеніміз не? Қазақстанда экотуризмді дамытудың мүмкіндігі бар ма?

Показать ответ
Ответ:
alistas
alistas
18.05.2020 10:30
1) е,д новерное 2) сурак Африкада коп осед новерное
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота