Исатай тайманұлы (1791-1838) – 1836-38 жылдары батыс қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. кіші жүз байұлының беріш руынан. жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан ағатай батырдың ұрпағы. махамбет өтемісұлы (1804 ж., ішкі бөкей ордасы, қазіргі батыс қазақстан облысының жәнібек ауданының нарын құмының жасқұс деген жері. — 1846 ж. 20 қазан, қараой өңірі, қазіргі атырау облысының индер ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы исатай тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады.