В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
afkds
afkds
07.12.2020 07:58 •  Қазақ тiлi

Казак тылы 8 ыншы сынып 9 гызыншы Бет 7тыншы жаттыгу

Показать ответ
Ответ:
милана761
милана761
12.05.2020 08:15

Менің Түркияға алғаш саяхатым.

Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма  ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем деболады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.

Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымыз көп болғай!

0,0(0 оценок)
Ответ:
nekit3221
nekit3221
09.05.2023 11:32

Медеу мұз айдыны жайлы диалог құрастыру.

Мұғалім: Балалар, осы сенбі күні сыныбымызбен Медеу мұз айдынына барып қайтсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Әрине, апай, барайық!

Мұғалім: Барлығын коньки тебу білесіңдер ме?

Оқушылар: Иә! Мен тебе аламын! Иә! Мен де тебе аламын! Мені ағам үйреткен! ...

Мұғалім: Жақсы, жақсы. Бәрің де тебе алады екенсіңдер. Ендеше Медеу мұз айдыны туралы не білесіңдер, тексеріп көрейік. Медеу мұз айдыны қай жерде орналасқан?

Оқушылар: Бұл сұрақтың жауабын мен білемін! Алматы қаласынан 18 км жерде, Кіші Алматы шатқалында, теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан.

Мұғалім:  Жарайсың, Айкүнім! Келесі сұрақ – табиғи мұз айдыны ретінде қашаннан пайдаланыла бастады?

Оқушылар: Табиғи мұз айдыны ретінде 1951 ж. пайдаланыла бастады.

Мұғалім: Дұрыс айтасың, Санжар. Ал Медеу спорт кешені қашан тұрғызылды?

Оқушылар: Медеу Спорт Кешені 1972 ж. тұрғызылды. Құрылысқа қатысқан архитекторларға (барлығы 10 адам) 1975 ж. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Мұғалім: Дұрыс жауап, Еркебұлан!

Оқушылар: Мен Медеу туралы тағы бір қызықты дерек білемін - Медеу Спорт Кешені — тек спорт жарыстары үшін ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындары мен қала қонақтарының әсем табиғат аясында демалатын орны. 1990 жылдан дәстүрлі “Азия дауысы” халықаралық ән байқауы өткізіліп келеді.

Мұғалім: Жарайсың, Мұрагер! Осы сенбі күні онда сағат 12.00 де барсақ, қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Жақсы, апай! Келісеміз!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота