«Кемсітушілік» ұғымын түсіндіретін тұжырымдамаларды көрсет. Дұрыс жауап саны: 2 Нәсілдік артықшылық идеясына негізделген жеке тұлғаға немесе жекелеген адамдар тобына қатысты теріске шығаруды, жеккөрушілікті және түсінбеушілікті білдіреді Нәсілдік, этникалық, жыныстық, жастық және басқа да белгілеріне қарай азаматтарды құқығынан айырып, мүмкіндіктерін шектеу процесі Адамның мінез-құлқы мен қабілетінде айырмашылықтар бар екенін және белгілі бір нәсілдің басқа адамдардан жоғары екендігі туралы сенім Басқа адамдардың нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, жасына, бойына, дене бітіміне негізделген әділетсіздікті жасайтын кең ұғымды білдіреді
Ақтамберді Сарыұлы 93 жыл өмір сүрген, яғни 1675–1768 жж. дəуір кешкен. Ол күреске ерте араласқан жауынгер-жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мəселелерін жырларында жақсы бейнелеген. 1738–1752 жж. қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, əділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған. Əлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды [1; 29].
Даңқты жыраудың азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп»,«Уа, қарт Бөгенбай», «Менімен, ханым, ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» жəне т.б. өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, отансүйгіштік күй-сезімдерге толы.
Бүгінде Ақтамберді жыраудың 26 туындысы белгілі. Олар тақырыбы жағынан үш топтан тұрады жəне тиісінше жауынгер-ақын өмірінің үш кезеңін: жастық шағын, толысып, даңқы шыққан жылдарын жəне егде тартқан кезін бейнелейд
Ал бұл кезең – жиырмасыншы ғасырдың сексенінші жылдарының ортасы. Күлдір-күлдір кісінетіп, күрең мініп жүрген қазақтар аз да болса, бар еді ол тұста. Бірақ «жағасы алтын, жеңі жез, шығыршығы торғай көз сауыттарымыз» музейлерден, қиыр-қиырдағы ауылдардағы көнекөз қариялардың сандығынан ғана табылатын. Миллиондаған қазақтың ұлттық санасы, қазақи болмысы әлсіреген, турасын айтқанда, ұлттық рухтың білте шамдай өлеусіреген кезі еді. Қазағы қалың оңтүстік пен батыс еді негізінен ұлтқа ұйытқы болып тұрған. Қызылжар жағындағы үлесіміз жеті-сегіз пайыз, солтүстік пен орталықта, шығыста шоқ-шоқ қазақ аудандары болмаса, қалғанын кеңес империясы біржола жұтуға айналған. Ел ордасы – Алматыдағы үлесіміз – 20 пайызға жуық.Барлық құқықтар сақталған. Материалды көшіріп бассаңыз https://turkystan.kz/article/14725-culdir-culdir-cisinetip гиперсілтемесін міндетті түрде қойыңыз.
Абылай ханның сыртқы саясаты.
Абылайдың сыртқы саясаты да икемділігімен және ымыршылдығымен сипатталды. Оның Россия мен Қытай сияқты күшті мемлекеттермен қатынастарының Орта Азия мемлекеттерімен қатынастарынан едәуір айырмашылығы болды. Отаршыл империялардың күш-қуатын өте жақсы ұғынған хан, бір жағынан Россия протекторатын танудан бас тартпай, екінші жағынан өз иеліктеріңде екі державаның да ықпалы күшеюіне жол бермей, олармен қатынастарда барынша икемділіккөрсетуге тырысты. Бір жағынан, Абылай Қытайдың өкімет орындарын өзінің адалдығына үнемі иландырып отырды, екінші жағынан, ол мәселені «Россия сарайына әлдеқайда ынталықпен…, ал Қытай ханымен хат жазуды бір нәрсе үшін, оған бағынышты қырғыз-қайсақтарға Қытайлардың реніш көрсетіп, қысым жасамауы үшін жалғастырып» отырған сияқты етіп көрсетті. Хан өз иеліктерін агресияшыл көршілерінен осылайша қауіпсіздендіріп қана қоймай, жекелеген пайда келтіруге де тырысты. Мәселен, 1772 жылы ол Россиядан өзінің сыртқы және ішкі жауларына қарсы күресу үшін тағы да әскер сұрады. Шынына келгенде, Абылайдың адалдығына күмәнді Россия да, Қытай да оған әскер бөлуден бас тартты. Россияның өкімет орындары Абылай ханды өзінің ықпал өрісінде ұстауға ұмтылды, сондықтан да 1777 жылы хан жазбаша өтініш жасаған жағдайда оның хан атағын тануға әзір екенін ресми түрде хабарлады. Мұндай дипломатиялық қадам өзінің сыртқы саяси аренадағы беделін нығайта түсетіннің түсінген Абылай Петербургке өзінің баласы Тоғым бастаған елшілік жіберді. 1778 жылы ғана II Екатерина оны хан деп және Орта жүздің ханы деп бекіту туралы грамотаға қол қойып, оның Кіші жүз бен Ұлы жүзге биліг танығысы келмеді. Бұған ызаланған Абылай Орынборда Троицкіде, тіпті Петронпавлда да ант беруден бас тартты. Ол 70-жылдардың аяғына қарай Абылай Россиямен қандай да болмасын қатынастарының бәрін мүлде үзді. Абылайдың оңтүстіктегі көршілерімен қатынастары басқаша болды. Оның күш салуы арқасында қайтадан қазақ аймағына айналған Жетісуда қырғыздармен қақтығыстары жалғаса берді және Абылай оларға қарсы ара– ура жорықтар жасап тұрды. 1774 және 1779 жылдырдағы жорықтар қырғыз руларының бір бөлігінің қазақ хандығына бағынуына жеткізді. Ташкентпен және Ходжентпен соғыста Сайрам, Шымкент, Созақ, Ташкент қазақтарға қайтарылды. Сонымен Абылай ханныңXVIII ғасырдың 70 жылдарындағы сыртқы саяси қызметі қазақ мемлекетінің бірлігін уақытша қалпына келтіруге, оның халықаралық аренадағы жағдайының нығайюына жеткізді. Абылайға дейін де, одан кейін бірде-бір қазақ ханының мұндай шексіз билігі болған емес. Бұл ең алдымен оның билігінің сөзсіз құдыреттілік сипатына байланысты еді. Көреген саясатшы және шебер дипломат Абылай өзіне ергендердің сүйіспеншілігіне және қарсыластарының құрметіне лайық бола білді. Бұған ханның жеке қасиеттері де едәуір дережеде себепші болды. Абылай мұсылманша жақсы сауатты болды, оқып, жаза білді. Ол сирек кездесетін саясатшы, қолбасшысы және дипломат болды. Дегенме де, ол тарих көшінөзгерте де, көшпелі өркениеттің бұрынғы күш – қуатын қайтадан келтіре де алмады. Ол қайта түлеткен біртұтас Қазақ хандығы ханның өзі қанша өмір сүрсе, сонша өмір сүрді. 1781 жылы шамамен 70 жасында Абылай Ташкенттен Түркестанға келе жатқанда дүние салып, Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленді.