Керек дерек! Қызыл кітап атауы қайдан шықты? Қызыл кітап... Неге дәл қызыл түс? Халықаралық табиғатты қорғау одағы 1948 жылы кеудесінде жаны бар тіршілікті қорғауды қолға алды. Бір жылдан соң сирек кездесетін түрлерді қорғайтын комиссия құрылды. Комиссияның қызметі жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған өсімдіктер мен жануарларды зерттеп-зерделеп, қорғауға алып, оларды бір кітапқа топтастыру болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 1963 жылы жарық көрді. Бұл адамзаттың табиғатты қорғау үшін жасаған алғашқы қадамдарының бірі болды. Қызыл кітап өмірлері қыл үстінде тұрған тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. Қызыл кітапқа енген тіршілік түрлері жойылып бара жатқан түр, сирек кездесетін түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп бөлінеді. Қызыл кітаптың ішінде Қара кітап немесе қара тізім бар. Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған. massaget.kz сайтынан 4-тапсырма. «Керек дерек!» мәтінінен пысықтауыштарды тауып, оларды мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңдар. — (A Mariunariyan uureui onu.ua тиісті сөздер мен сетіркестері ойып жазып,
1948 жылы,бір жылдан соң(мезгіл),кеудесінде,кітапта,жер бетінен(мекен),ойлануы үшін,қорғауы үшін(мақсат),сирек(сын-қимыл)
Объяснение: