В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География

Кестеңі дәптеріңе толтыр роботтардың түрлері мысал келтіру​


Кестеңі дәптеріңе толтыр роботтардың түрлері мысал келтіру​

Показать ответ
Ответ:
zakir2007
zakir2007
17.02.2021 16:45

хирург робот

Соңғы 17 жылда «da Vinci» хирург роботтарының көмегімен әлем бойынша 3 миллионға жуық науқасқа ота жасалды. Da Vinci – дәрігерге ота жасау аймағын HD-сапада көруге мүмкіндік беретін хирургиялық жүйе. Ол ота аймағында кедергісіз жұмыс жасау үшін кішкентай пішінмен жасалды.

Аспазшы робот

Бұл құрылғыны жеке робот емес, тұтастай асхана деп санауға болады. Аспазшының орнын басатын роботтың адамға сәйкестендірген екі қолы бар. Осы екі қолының көмгімен ақылды құрылғы мәзірде тапсырыс берген пәрмен бойынша бұйрықты орындайды. Адам қанша уақытта дәмді ас әзірлей алса, робот та дәл сол уақытта және дәмді тамақ жасауға қауқарлы. Бұл робоасхана сатылымға 2018 жылдан бастап шығады.

Бақташы робот

Бұл құрылғы қазіргі уақытта енді құрастырылуда. Соңғы сынақ кезеңінің нәтижесі бойынша, SwagBot мал бағуға, заттарды орынынан жылжытуға, бау-бақшаға қарауға өте тиімді робот. Бұл құрылғыны жасау үшін Сидней Университетінің ұстаздары аянбай тер төгуде.

Киберфермер

Фермерлік шаруашылықты жандандыру үшін бұл салада роботтардың бірнеше түрі дайындалған. Бау-бақша жемістерін егіп, оны баптап, жемісін теріп алуға жағдай жасайтын ол бүгінгі күннің таптырмас құрылғысы.

Бақша робот

Бау-бақша техникаларының қатарына қосылған тағы бір робот – AgBot. Оның қызметі – бақшаны химиялық және механикалық тәсілмен барлық арамшөптен арылту. Сонымен қоса, егін топырағын тыңайтады.

Қойма роботы

Қоймадағы жүкті бір орыннан екінші орынға қозғалту үшін ойлап табылған құрылғы. Жұмысшыларға айлық төлегеннен гөрі осындай құрылғыларды сатып алып өз жұмыстарын ілгері жүргізіп жатқан компаниялар көп. Мысалы, 2015 жылы Қытайдың Everwin Precision Technology компаниясы жұмысшыларының 90% дәл осындай роботтарға ауыстырды.

Тасымалдаушы дрон

Жүктерді жеткізу қызметі үшін таптырмас құрылғы. Адамдардың қызметтік орнын басқан роботты биылғы жылдан бастап қолдана бастады. Жаңа Зеландияның Domino’s Pizza қызметкерлері жұмыстарына көмек ретінде осы құрылғының көмегімен пицца жеткізуді бастап кетті.

Кітапханашы робот

Үлкен кітапханаларда адамдар іздеген кітаптарын бірден таба алмайды. Осындай уақытта роботтың көмегіне жүгінсек, бірнеше минуттың ішінде іздеген кітабымызды оңай таба аламыз. Бұл роботтар Канзас-Ситидегі Миссури университетінде сынақ өтіп, жоғарғы деңгейдегі құрылғы деп мадақталған.

Күзетші робот

Шетелдік ойын-сауық орталықтарының көлік тұрақтарында қарауылдың қызметін осындай арнайы роботтар атқарады. Жартыметрлік күзетшінің кеудесіне камера орнатылып, GPS қойылады. Бұл аппораттар Сан-Франциско және Калифорния қалаларында өз қызметін бастап кетті. 

Жауынгер робот

Бұл робот аралар тыңшының қызметін атқару үшін жасалды. Соғыс жағдайында және әскери оқу жаттығуларда өте тиімді.

Сарапшылардың пайымдауынша, қазір адамдар жасап жатқан қызметті алдағы жылдарда роботтар жасайды. Бірақ бұл, адамдар жұмыстан шығып қалады дегенді білдірмейді. Болашақта адамдар үшін жаңа мамандықтардың шығатыны белгілі.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота