Кейіпкерлер Жантас
Образын ашу
4. Менің ойымша,...
Шығармадан үзінді
4. Бір кезде Жантас кіріп келді.
Оның үстінде де жаңа форма,
көрдіңдер ме дегендей аяғын
ширатыла басады. Жантас қолын
көтеріп:
- Сәлем еңбек еріне! – деді.
«Қазақстан пионеріне» суретім
басылғалы бері ол мені өстіп
тәлкек етуді шығарған.
— Қасың бос па, Қара Көже?
Жанар
5. Менің ойымша,...
5. Жанардың бетпе-бет отырған
сүйкімді жүзiне, иығына төгіліп
түскен көмiрдей қап-қара әсем
қолаң шашына алаң-елең қарап
толқып отырып, бірінші ойынды
қалай ұтқызып алғанымды
байқамай қалдым. Ол маған үш
бұзау айдатты. Бірақ Жанардың
мәз болған кейпіне қарап, бұл
ұтылғаныма өзім іштей қуандым
да,
Комек керек
Үйде барлығынын істейтін нәрселері бөлінген және әрбіреуі өзінің нәрселерін істейді.Біздің отбасымыздың шанырағы өте тиыш.Жәнеде біздің отбасымызда бір дәстүр бар,біз тамақты бір үстелде ішуіміз керек.Бұл салтымыз бір-бірімізді жақындата түседі.Біз өткеннің барлығың тамақ ішкенде айтамыз.Тамақты бірге істейміз және бұл өте қызық.
Отбасымызда бір-бірімізден ештене жасырмаймыз.Ағаларымыз және әпкелеріміз ақыл айтады.
Көмек және бір-бірімізді түсінуіміз шаңырағымызды ешқашан бұзған емес
TM Алмас
Отбасы - тәрбие бастауы.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Қандай жағымды қасиет болмасын, барлығы отбасындағы тәрбиеден бастау алатынын ұмытпау керек. Бала «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, жас ұрпақты саналы, әдепті, ұлағатты етіп тәрбиелеу керек. Сонда ұлтымыздың да болашағы жарқын болмақ деп ойлаймын!