ключами каз яз Түбір сөзді табыңыз
а)көкте
в) сөйлес
с) санас
д) дала
2. Бітеу буынды табыңыз
а) төрт
в) ал
с) ант
д) аға
3.Сұрау есімдігін табыңыз
а) қайда
в) олар
с)мыныу
д) әркім
4. Көптік жалғаулы зат есімді табыңыз
а) дәптер
в) құс
с) сызғыш
д) балалар
5. Сынып жабдықтарын белгілеңіз
а) әке,шеше,ата,әже
в) табиғат,орман,өзен,
с) гүл,өсімдік,шырша
д) тақта карта,парта
6. «Әдемі» сөзінің синонимін анықтаңыз
а) жаман
в) үлкен
с) кеш
д)сұлу
7. Ұяңнан басталып,ұянға аяқталған сөзді табыңыз
а) тоғыз
в) жүз
с) бір
д) сегіз
8. Қатаң дауыссыз дыбыстардан тұратын сөзді анықтаңыз
а) сәлем
в) тіл
с) оқушы
д) арман
9. Жұрнақ арқылы жасалған зат есімді анықтаңыз
а) үй
в) достық
с) арман
д) көл
10. Синонимдерді табыңыз
а) кітап,парақ
в) бет,жүз
с) ғылым,ғалым
д) білім,тәлімгер
11. Қос сөзді табыңыз
а) апар
в) бірлік
с) у - шу
д) қара торы
12. Сапалық сын есімді табыңыз
а малды ауыл
в) сүтті сиыр
с) еріншек бала
д) үлкен үй
13. Реттік сан есімдердің жұрнақтарын табыңыз
а) - ау, - еу
в)- ы, - і
с) – ыншы, - інші, - нші,- ншы
д) - ақ, - ек
14. Антоним сөздерді табыңыз
а) шыдам,төзім
в) сәл,азғантай
с) өкіну, қуану
д) ренжу,рақмет
15. Қазір олай емес,әркім ... жұмыс істейді
а) біреу үшін
в) туысқан үшін
с) өзі үшін
д) сен үшін
16. Тұйық етістікті табыңыз
а) жүр
в) көру
с) сөйле
д) отыр
17. Келер шақта тұрған етстікті табыңыз
а) жатыр
в) жазады
с) істеді
д) барды
18. Қыста ауа райы қандай болады?
а) ыстық
в) салқын
с) суық
д) жылы
19. Айша бибі кесенесі қай облыста?
а) Оңтүстік Қазақстан
в) Жамбыл
с) Қызылорда
д) Батыс Қазақстан
20. Елтаңбадағы жазуды көрсетіңіз
а) Елтанба
в) Қазақстан
с) Мемлекет
д) Тәуелсіз
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай, Қасқырбай, Қойбай, Қубай, Субай, Қайрақбай, Пышақбай, Баубай, Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтап жүгіріп келіп: «Судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Жылдам ауылға хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «шапқы-ау, шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білеуітке жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», - депті
Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелік, дәуіт, шегіртке, бұзаубас, бит, қандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).
Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.
Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа —> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа —> дернәсіл —>
толық түрлент даму: жұмыртқа дернәсіл —> қуыршақ —> имаго.
Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.