Ключевые слова в стихе абай құнанбайұлы - жаз) жаздыгїн шілде болєанда, кґкорай шалєын, бјйшешек, ўзарып ґсіп толєанда; кїркіреп жатќан ґзенге, кґшіп ауыл ќонєанда; шўрќырап жатќан жылќыныѕ шалєыннан жоны ќылтылдап, ат, айєырлар, биелер бїйірі шыєып, ыѕќылдап, суда тўрып шыбындап, кўйрыєымен шылпылдап, арасында кўлын-тай айнала шауып бўлтылдап. жоєары-тґмен їйрек, ќаз ўшып тўрса сымпылдап. ќыз-келіншек їй тігер, бўрала басып былќылдап, аќ білегін сыбанып, јзілдесіп сыѕќылдап. мал ішінен айналып, кґѕілі жаќсы жайланып, бай да келер ауылєа, аяѕшылы жылпылдап; сабадан ќымыз ќўйдырып, ортасына ќойдырып, жасы їлкендер бір бґлек кеѕесіп, кїліп сылќылдап. жалшы алдаєан жас , жаєалайды шешесін ет јпер деп ќыѕќылдап. кґлеѕке ќылып басына, кілем тґсеп астына, салтанатты байлардыѕ самаурыны бўрќылдап.
ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫҚ ӨНЕРІ Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер. Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға деп бағалаймын. Қазақтың ұлы ақыны Абай: “Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй”, деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті. “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі – жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық. Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Моңғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн. Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын – азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері – халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап, алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенемін. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті. БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ Ел өміріндегі елеулі оқиға саналатын, қазақ үшін қабырғалы да қазыналы іс – күні кеше ғана тұсауы кесілген “Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі” антологиясы дер едім. Ұлттың ұлылығын, жұрттың мықтылығын танытатын рухани құндылықтары, оны мұра етіп қалдырған ой өлшемі биік, қаны да, жаны да таза арыстар екені айдан анық. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйытқы болуымен “Мәңгілік сарын: қазақтың 1000 күйі мен 1000 әні” жобасы негізінде іске асып отырғанынан хабардармын. Жалпы, күй өнерінің өмірге келген кезеңін тап басып ешкім айта алмаса керек. Тіпті біздің дәуірімізге дейін де алуан түрлі сарындардың болғаны, оны орындаған аспаптардың сақталғаны мәлім. Ал көне ғасырдағы Қорқыт, ХІІ ғасырдағы Кетбұға, ХІV-XV ғасырлардағы Асанқайғы, Қазтуған, XVІ-XVІІ ғасырлардағы Байжігіт, XVІІІ ғасырдағы Абылайхан, XІХ ғасырдың басындағы Құрманғазы, Абыл, т.б. алыптар, олардың ізін қуған дара таланттар тарау-тарау әңгіменің, том-том кітаптың арқауы болары сөзсіз. Болып та жатыр. Осы жауһарларымызға кешегі кеңестік дәуірде көп мән бере қоймадық. Атүсті қарап, өзгенің әніне еліктеп келдік. Сөйтсек, кіммен де болса тереземіз тең түсетін, иықтаса алатын дүниелеріміз жетіп артылады екен. Соның бір парасын кезінде А.Затаевич жинақтап бастырса, Е.Брусиловский опералық шығармаларға тиімді пайдалана білді. Мұның өзі қазақтың ән мен күйін қажетіңе жарата алсаң, қандай шығармамен де ұштасып кететінін, ажарын ашып, айбынын асыратынын аңғаруға болады.
– Бақыт қайда барасың?
– Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі
Ұйымшыл елге барамын,– деп жырлапты. Бүгінгі қазақ мемлекетінен тағат, ғибадатты табамыз, тәубе. Көршілерін былай қойғанда, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының басын бір үстелдің басына жинайтын да біздің мемлекет. Жаһандық маңызы бар Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі жақында өткелі тұр. Бұл Қазақ елінің мәртебесі десек, екінші жағынан, қазаққа берілген бақыт деуге болады. Себебі, өзіміздің бақытты, ынтымағы жарасқан, бейбіт ел екендігімізді екінші тараптан осылай көрсете аламыз.
Мақсаты кең, нәтижесі биік бұл съездің алдыңғы кездесулердегі ауқымды талқыланған мәселелері өз жемісін беріп жатыр деп білеміз. Бірақ, биылғы IV Съезге қойылған тақырыптың маңыздылығы да ерекше. «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбының қарастырар талқысы мол. «Тұрақты дамуға қол жеткізудегі дін лидерлерінің рөлі», «Дін және мультикультурализм», «Дін және әйел: рухани құндылықтар мен қазіргі заманғы сын-тегеуріндер», «Дін және жастар» атты төрт секциялық отырыс жоспарланған.
Біздерді қызықтырып, тапқырлықпен таңдалған бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі – жастар мәселесі. Қай елде болса да діннің алар орны ерекше. Әрі халық өзі ұстанған дініне мейлінше берік болуға тырысып, дін басшыларына ерекше орын берері хақ. Олай болса, жастарды тәрбиелеу мәселесінде діндер көшбасшыларының алар орны өзгеше. Астана төріне дін басшылары жәйдан-жай жиналмақ емес. Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайының көк шаңырағының астында ұйымшылдықпен талқыланатын өзекті мәселелер әр елдің игілігі үшін болмақ. Міне, осыны татулық пен бейбітшіліктің нышаны деуге әбден негіз бар. Бұл съездің Қазақстанда өтуінің өзі тек беделімізді ғана емес, ата-тарихымызға сай қонақжайлылығымызды да айғақтайды.
Ауқымы кең, айтары мол, талқыланатын тақырыбы терең құрылтайдың алдында «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде (№169-171, 20 сәуір 2012 ж.) басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановтың Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы хазрет Әбсаттар қажы Дербісәлімен «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты сұхбаты жарияланған-тын. Оқып, ой түйіп, алған ерекше әсерімізбен бөлісу мақсатында қолға қалам алған едік.
Ғұламалардың «Тақырыпты дұрыс түсіну, оқығалы жатқан дүниенің жартысын түсінгенмен тең» дегеніндей, дінбасының сөзінен алынып, «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» деп аталған бұл мағынасы терең сұхбаттың тақырыбының өзі маңыздылығы мен терең ой қалдыратынын айқындап тұрғандай.