В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
lev93
lev93
01.06.2023 00:34 •  Қазақ тiлi

КОМЕК КЕРЕК ТЖБ 8-сынып қазақ тілі

«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары

Тақырыптар:Синтаксис. Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Қоршаған орты және энергия ресурстары. Жасөспірім және заң

Ұзақтығы: 40 минут; Оқылым – 15 минут; Жазылым – 25-30 минут. саны: 15

Тапсырмалар түрлері: Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Оқылым. 1-тапсырма. Төменде берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [5]

Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске айналып, елді елең қылып отыр. Тәртібі қиын бала есейген сайын қылмыстың ауыр түрлерін жасауға бейімі арта беретінін ескерсек, бұл аса өткір мәселе екенін мойындауға мәжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып, оқушылар демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тәртібін қадағалайтын құқық қорғау органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен жасалған қылмыстар мен құқықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тәртіп сақшылары қанша жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер арасындағы қылмысты азайту күнтәртібінде тұр.

Мысалы, №1 мобильдік топпен 16.12.2019 жылы түнгі уақытта рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде 5 жас өспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде (компьютерлік клубта) заңды өкілінсіз жүргендері анықталып, олардың ата-аналары ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзған, қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағдырына алаңдамауынан, оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.

Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.

«Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.»–деген сөйлемге 4-5 сөйлеммен өз көзқарасыңызды білдіріп,комментарий жазыңыз.

Мәтіннің стилі қандай? А. Публицистикалық Ә. Ғылыми Б.Ауызекі В. Ресми іс-қағаздары

Мәтін бойынша екі проблемалық сұрақ құрастырыңыз

1-сұрақ

2-сұрақ

4. Мәтіндегі оқушыларға қатысты көтерілген негізгі ақпаратқа өз көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.---

Жазылым. 2-тапсырма.

Төмендегі тақырыптардың бірін таңдап, эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесесебептеріне өз көзқарасыңды білдіре отырып эссе жазыңыз. Шамамен160-170 сөз болуы тиіс.[10]

1. «Күндердің бір күнінде табиғи ресурстар сарқылғанда...»

2. «Биоалуантүрліліктің бұзылу зардаптары қандай болмақ?»

Показать ответ
Ответ:
Артём446460
Артём446460
11.04.2021 14:43

Қазақ тілі ТЖБ

гвоыооыоыуу


КОМЕК КЕРЕК ТЖБ 8-сынып қазақ тілі «Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
КОМЕК КЕРЕК ТЖБ 8-сынып қазақ тілі «Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
КОМЕК КЕРЕК ТЖБ 8-сынып қазақ тілі «Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
КОМЕК КЕРЕК ТЖБ 8-сынып қазақ тілі «Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота