Ктің қа Оқылым. 2 - тапсырма Мәтінді мұқият оқыңыз.
Бидай – дәнді-дақылдар тобына жататын, көбінесе біржылдық шөптесін
өсімдік. Дәнді-дақылдардың ішіндегі ең басты және ең көп өндірілетін
дақыл. Бидайдың 20-ға жуық жабайы және мәдени түрі белгілі.
Мысыр мен Қытайда біздің заманымызға дейінгі IV ғасырда бидайдан
тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен
қатар емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың дәні
байлық пен жақсылықтың нышаны ретінде қабылданған. Ақ ұн тек үлкен
мерекелер кезінде ғана пайдаланылған, онда да оған әркімнің мүмкіндігі
келе бермейтін.
Өтірік айтуға бола ма?
"Өтіріктің құйрығы бір тұтам" дегендей, менің ойымша, өтірік айтпаған абзал. Себебі ерте ме, кеш пе өтірік ашылып, ақырында адамдардың өзіңе деген сенімін жоғалтасын. Қандай болмасын шындықты айтқан дұрыс.
Қазақ халқының мақал - мәтелдерінде өтірік тақырыбына өте көп көңіл бөлінген. Сол арқылы ата - бабамыз бізге дұрыс бағыт - бағдар, тәрбие беріп, өтіріктен жаман қылықтардан аулақ болуымызға ықпал тигізген.
"Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салатын" демекші, әрдайым шындықты бетке айтып, жалған айтдан аулақ болайық!