В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
ninaemelyanova2
ninaemelyanova2
23.05.2021 08:36 •  Қазақ тiлi

Курстар: Егер табиғатты қорғамаса, қандай апатты жағдай бо-
луы мүмкін?
Егер ... болса, ...​

Показать ответ
Ответ:
tolikking05
tolikking05
05.03.2021 17:30
Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы тепе-теңдіктің күйреуі. Экологиялық апат кезінде төтенше жағдайлар туып, табиғи экожүйелер мен әлеуметтік жағдайлар күрт өзгереді, жалпы тіршілікке, соның ішінде адамның қалыпты өмір сүруіне қауіпті жағдай төнеді. Экологиялық апатқа ұшыраған аумақтардағы табиғат өзгерістерін бастапқы қалпына келтіру мүмкін болмайды. Сондықтан Экологиялық апат қайтымсыз құбылыс болып саналады. Экологиялық апаттың таралу деңгейіне қарай: ғаламдық, аймақтық және аумақтық (жергілікті) деп бөлінеді. Ғаламдық Экологиялық апат бүкіл биосферадағы табиғи процестерге әсер етіп, барлық адамзатқа қауіп төндіреді. Мысалы, климаттың ғаламдық жылынуы, Әлемдік мұхиттардың ластануы, озон қабатының (озонсфера) жұқаруы, қышқылды жаңбырдың жаууы, т.б. Экологиялық апаттың пайда болуына әсер ететін жағдайларға байланысты табиғи және антропогендік (техногендік) болып бөлінеді. Экологиялық апаттар көбіне кенеттен болатын табиғи жағдайлардың әсерлерінен (жерсілкіну, жанартау атқылау, құйынды борандар, су тасқындары, т.б.) және ұзақ уақытқа созылған экология дағдарыс зардаптарынан пайда болады. Соңғы кезде адамның іс-әрекеттерінің тікелей немесе жанама әсер етуі де себепші болуда. Табиғи Экологиялық апаттардың ертедегі геология замандарда да оқтын-оқтын болып тұрғаны – ертеде теңіздерде тіршілік еткен жануарлардың қаңқа қалдықтарының көптеп табылуы дәлел болады. Мысалы, палеозойдың ордовик кезеңінің соңында екі рет жойқын Экологиялық апат болған. Оған Әлемдік мұхиттар деңгейінің алғаш күрт төмендеуі және екінші рет оның күрт көтерілуі әсер етіп, бұрынғы тіршілік еткен теңіз жануарларының көптеген түрлері толықтай жойылып кеткені дәлел. Кейде ғылым-технология прогрестің қарқынды дамуының өзі Экологиялық апаттарға әкелетіні белгілі. Мысалы, 1945 жылы атом бомбасының қолданылуы, 1986 жылы Чернобыль АЭС-сындағы техногендік апат, т.б. 20 ғасырда адам қолымен жасалған Экологиялық апатқа Арал теңізінің тартылып қалуы жатады; қ. Арал апаты[1]. Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті кожүйелер. Елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне карай табиғи және техногенді деп бөлінеді. Табиғи төтенше жағдайлар - табиғи құбылыстар. Оларға сел тасқыны, жер сілкінісі (зілзала), көшкін, дауыл, жанартау атқылау, т.б. жатады. Жер сілкіну Өңдеу
Жер сілкіну - жер койнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап,жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашхабадта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде (1995ж),Түркияда (2000ж) т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс-әрекетін де болады мысалы атом бомбасын сынау т.б. Көшкіндер Өңдеу
Көшкіндер таулы жерлерде, төбелерде, теңіз жағалауларында болып тұрады. Топырақ көшкіні көп жағдайда жер сілкінумен қатар жүреді. Кейбір көшкіндердің биіктігі 20 метрге жетіп,жолындағының бәрін басып қалады.

Қар көшкіндері қыс кезінде биік таулар аймағында болады. Қалың қар массасы бір-бірімен қосылып жылжып жолындағы заттарды ілестіре отырып, қар-топырақ аралас ірі көшкінге айналады. Апат жолында тұрған кез келген обьектілерді өзімен бірге ала кетеді. Мұндай жағдайлар Іле, Алтай, Жетісу (Жоңғар) Алатауларында жиі болады. Қыс кезінде саяхатшыларға қауіпті жерлер ескертіледі. Қар көшкіні адамның іс-әрекетін де болады.

Жанартау атқылауы
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота