Курылысшылардын уш бригадасы курылыстары бирдеи 2 уиди салулары керек. осындай 1 уйди курылысшылардын биринши бригадасы 9 аптада салады, ал екинши бригадасы одан 1 3/1 есе артык уакытта, ушинши бригадасы 2 есе артык уакытта салады. егер курылысшылардын уш бригадасы бирлесип жумыс и тесе, 2 уиди неше аптада салады
Отан отбасынан басталады деп бекер айтпаған. Әрбір адамзаттың — алтын ұясы десе алдымен отбасы ойымызға орала кетеді. Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын. Біздің отбасын үлкен отбасы десе де болады. Мен өз отбасым жайлы толығырақ айтқым келеді. Менің отбасымда жеті адам бар. Олар: атам және әжем, анам мен әкем, тәтем мен інім және мен. Біздің отбасымыз бақытты. Отбасының тірегі — сүйіспеншілік, бірлік және сенім. Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Біздің отбасының ерекшелігі дастарқан басында әрдайым атамның асты бастауымен және тамақтан кейін бата берген соң ғана орнымыздан тұрамыз. Әжем бір бірімізге сөйлегенде жылы да мейіріммен сөйлеуімізді әрдайым айтып отырады. Сендер бір біріңе қонақсыңдар. Әрдайым бір біріңді бірінші көргендей және ұзақ уақытта сағынып көргендей бағалаңдар дейді. Мен отбасымның осы қалпынан таймай, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймын.
2. Ұлпан – ел тізгінін бекем ұстаған, «Есенейдің Есенейі» болып, Ел анасы атанып, халық қамқоршысына айналған тарихи тұлға. Шығармадағы Ұлпан бейнесін даралап тұрған қасиеттерді қалай бағалайсыз?
Менің "Ұлпан" шығармасыдан алған сезімдерім өте көп деп айтсам артык кетпеспін.Шығарма өзіне көптеген еңбек пен сезімдерді сіңірген.Бас кейіпкерлер өте сөзге шешен,еліне адал,үлкенге құрмет таныта алатын,намысшыл болып бейнеленген.Оған мысал,Қазақтың қарапайым қызы Ұлпан.Ол өте сұлу,ақылды,жас,сөзге шешен әрі еліне адал адам ретінде сүреттелгер.Барлығымыз білетіндей бұл шығарма өмірде болған оқиға ретінде жазылған.Менің Ұлпан бейнесінен көрген ең жақсы қасиеттері,ақылдылық пен ер мінезді болғаны.Себебі:Ұлпан қыз бола тұра атта шаба білуі,үлкен адамдармен бір деңгейде араласа білуі.Әрқашан халық жағдайын ойлайтын,халық қорғаушысына айналуы,дәлел бола алады деп ойлаймын.Бұл шығарма қазіргі кездегі ұрпақтарға,яғни бізге өмірмен тарихты танып білуге деген құштарлықты арттыруы айдан анық.Өмірде дұрыс жолды таңдай білуге,әрқашан дұрыс шешім қабылдай білуге,қиыншылыққа төзе білуге,ең бастысы Қазақ елінің намысын оятуына ең маңызді баспалдағы,деп айтып қалғым келеді...
Объяснение: