Құлагер қатысқан ат жарысы бүгінгі күні өтіп жатса, Ақанға, Батырашқа қандай сұрақтар қояр едің? Өз ой-пікіріңді білдіріп, шағын репортаж дайында. Репортажда поэма сюжетінен алыстамай нақтылы үзінділер келтіріп отыр. Ақанға қойғым келетін сұрақ / Батырашқа қойғым келетін сұрақ / Поэмадан үзінді
Көзі
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!