Леңге жоспар құрыңыз "ертең біз жол жүреміз "
жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар.
ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар.
жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс.
қамданыңдар. болашақ деген елге,
қандай біз сый-сияпат апарамыз.
қорқауды, өсекшілді қатарға алма,
кеселін тигізеді сапарға алда.
he бетімізді айтамыз болашаққа?
жат қылықты қалдырмай апарғанда
жамандық атаулыны қалдырыңдар,
суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар.
болашақ деп аталған өлмес-өшпес,
жақсылықтан жаралған тағдырың бар.
қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар
ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
ірі жетсең, болашақ өзі айтады,
қайсыңның қанша пұттық салмағың бар.
Қолөнер – қазақ халқының асыл мұрасы.Бұл қолөнер туындыларын үй шаруасында жүрген қыз-келіншектер мен әжелер айналысқан.Қазақтың қолөнер шеберлігі алаша, кілем, киіз жасауда, киім түрлеріне ойып салынған өрнектерден айрықша аңғарылады.Ағаштан түйін түйген ұсталар өз шеберханаларында ертоқымды, ағаш ыдыстарды, ат-әбзелдерін, киіз үй жабдықтарын түрлі өрнектермен безендіріп жасаған. Ағаштан жасалған бөшкелер, ат арбалар берік болуы үшін тобылғы сынды мақты ағаштар таңдалған. Ағашқа өрнекті ойып салған. Ағашты бояп немесе күйдіріп, ою түстерін құбылтып отырған.
Түсті металдарды балқытып, зерлі әшекейлерді, ыдыстарды, тұрмысқа пайдалы жабдықтарды жасаған адамды Зергер деп атайды. Аталған шеберлердің қолөнер туындысына қарап оның көңіл күйін, болмысын, мінезін, тұратын мекен-жайын, тіпті шаруашылығымен танысуға болады. Зергерлер өз айналасындағы сұлулықтың барлығын қолөнер бұйымдарында көрсете білген. Мәселен, жүзік, сақина, білезік, шашбау, сырға, таға, белдік, кісен, зерлі табақ т.б. жасауда қошқардың мүйізін, аша тұяқтарды, билеген талдарды бейнелеп өрнек салған.