Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
Бiр жылда 4 жыл мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз, күз. Бiр мезгiлде үш ай бар. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қаңтар - жыл басы, қыс ортасы. Қаңтарда суық қатты болады. Даланы, орманды қар басады, қатты аяз болады. Қыста күн қысқа, түн ұзақ болады. Өзендерге мұз қатады. Қыстыгүнi балалар өте көңiлдi болады. Олар аққала, қарбөбек жасайды, шанамен, шаңғымен сырғанайды, мұзда коньки тебедi. Адамдар жылы киiнедi, бастарына құлақшын, бөрiк, үстiне пальто, тон, аяқтарына етiк киедi. Жаңа жыл мейрамын бүкiл әлем тамашалайды.