В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
Полина20351
Полина20351
03.09.2021 09:47 •  Қазақ тiлi

Өлең жолдарын қолданып, оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз. Нарынқұм зауалы​

Показать ответ
Ответ:
ленок209
ленок209
02.05.2021 03:24

Объяснение:

Үш тұғырлы тілді меңгеру – заман талабы. Оны оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдегі ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Әр адам рухани-адамгершілігін арттыруы үшін бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек етуі үшін жан-жақты болуы қажет. Ел экономикасы мен өндірісін, тұрмысын көтеру мәселелері де бүгінгі таңда шетелдік жаңа технологияларға байланысты. Осы ретте де ағылшын тілін білу қажеттігі айқын байқалады. Бүгінгі күні өмірдің барлық салаларында ағылшын тілін меңгеру қажеттігі туындап отыр. Сондықтан мектептерде қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту тәжірибесінің енгізілуін өмір талабынан туындаған, көпшілік көңілінен шығатын жаңашыл­дық деп қабылдау керек. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту оң жолға қойыла бастады. Оқушылардың ағылшын тілін тек біліп қана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуіне көп көңіл бөлінеді. Оқушылар олимпиада, конкурстарға жиі қатысады. Ағылшын тілі сабағы оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу білік-дағдыларын қалыптастыру, яғни ағылшын тілін қарым-қатынастық мақсатта оқыту, тіл арқылы халықтың рухани байлығын, тарихын танытуды көздейді. Оқушылар сабақта әңгімелесу, бір-біріне сұрақ қою, берілген заттарды сипаттау бойынша анықтау, аударма жасау, сахналық қойылымдарға қатысу арқылы ағылшын тілін үйренеді, меңгереді. Топтар арасында сайыстар, мәнерлеп оқу жарыстары өтіп тұрады. Ағылшын тілін үйрету – қиын да қызықты міндет. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған басты талаптардың бірі – жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіру. Бұл тілдерді үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Оны оқыту үдерісінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Шет тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек қана жаттап алғаннан гөрі, оларды іс жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық мәселелер мен қағидаларды меңгерту тиімді болып табылады. Әлемдік деңгейдегі игіліктерді жақындататын мақсатқа жету үшін бізге бірінші кезекте халықаралық қатынас тілі болған ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның өте қажет екенін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз. Соны Елбасымыз асқан көрегендікпен тап басып, балаларымыздың АҚШ-тың, Англияның, басқа да шетелдердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік грант бойынша білім алу квотасын жыл өткен сайын көбейте түсуде. Мысалы, биыл осындай қамқорлықтың арқасында сыртта оқитын студенттеріміздің саны үш мыңнан асты. Айта кетейік, бұлардың қатарында ағылшын тілін білмейтін бірде-бір бала жоқ және ондай ұл-қыздарымыз одан басқа пәннің бәрін білсе де шетелдік оқуға қабылданбайды. Сондықтан балалардың өз мектептерімізде ағылшынша біліп шығуы өте тиімді екеніне көзіміз жетіп отыр. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауында «Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді», дей келіп, оны орындаудың нақтылы жолдарын атап көрсеткенін ешкім жоққа шығара алмайды. Демек, ұлттық тіліміз үш тұғырлы тілдің көлеңкесінде қалады деп үрейлену негізсіз. Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, Мемлекет басшысы Жолдауда атап көрсеткендей, ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты. Елдің ертеңгі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет. Еліміздің білім беру саласында жүріп жатқан реформаның ең басты мақсаты да осы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру жүйесі бойынша әрбір облыста өздері таң­даған 1 не 2 мектеп эксперимент алаңы ретінд­е бел­гіленіп, олардағы 7-сыныптарда жара­­ты­лыс­тану-математикалық циклдың 1 пәні ағыл­­шын тілінде оқытылуда. Мұндай экс­пери­мент­тік оқыту жүйесі өзім жұмыс жасай­тын білім ор­дасы – дарынды балаларға арнал­ған маман­дан­ды­рыл­ған С.Сейфуллин атын­дағы №11 об­лыс­тық қазақ мектеп-интернат кешенін­де де жүр­гізілу­де. Үш тілде оқытылатын маман­дан­дырыл­­ған мектеп­тердің негізгі мақсаты бірнеше тілді мең­герген, әлеуметтік және кәсіби өзін-өзі тануға қабі­летті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалып­тас­тыру болып табылады. Үш тілде оқытатын сы­нып­тарда ағыл­шын тілі пәні кеңейтіле оқытылады, ал биоло­гия, физика пәндері ағылшын тілінде жүргізіледі. Қазіргі дүниеде қоғамның тұрақтылығын қам­тамасыз ететін бірден-бір фактор – тіл.

0,0(0 оценок)
Ответ:
pety1234
pety1234
24.09.2020 10:38

Қашықтан оқыту жүйесінің қажеттілігі туындауы оқушы көзіммен қарағанда заман талабы болып тұр.

Қашықтықтан білімді болу үшін: Адам-Компьютер-Ғаламтор қағидасына зер салатын болсақ:

А XXI ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып, әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастауы біздерге көптеген ғылымдар көздерін жақындатты, мысалы:Нанотехнология-жасанды интеллект, роботтық кезең.

Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі барлық өзгерістерді біліп, үнемі білім деңгейін жетілдіріп отыруы, қажет болса: өз біліміне жақын, тіпті жаңа мамандықты игеріп отыруды талап етеді. Осылайша кез келген саладағы мамандарға қойылатын талаптар да өзгереді.Карантин жария етілгеннен бері мұғалімдер тынбай жан-жақты іздену жолында жүргенін оқушылар IV тоқсан басталғанда керемет сезіне бастадық. Күнделікті оқушылармен бір сынып ішінде отырмай, қашықтан араласып білім алатынымыздың дұрыс тиімді жолдарын аяулы ұстаздарымыз мықты жауапкершілікпен қолға алғанын көрдік.

Қашықтан оқыту (қашықтан білім беру) - оқыту формаларының бірі ретінде электрондық және телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану арқылы оқу танымдық қызметтері әдістемелік тұрғыдан жан-жақты және жеке тұлғаны дамыту барысында алыстағы білім беру мекемелеріндегі ұйымдастырылған оқыту процесі екенін ұстаздарымыз бізге түсіндіре отырып жұмыстарын бастап кетті.

Қазіргі таңдағы болып жатқан індетті болдырмау үшін мұғалімдер бірден қашықтықтан оқытуға бейімделуі және біздерге білімді қашықтықтан игертуі, оқушы қауымының бойынан оқу барысында жауапкершіліктің оянуына септіктері тиді. Мұғалімдерім өз пәндерімен қоса техникалық білім және білім беру педагогикалық дағды- әдістерді терең меңгерген ұстаздар.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота