В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
гуля429
гуля429
17.02.2020 12:46 •  Қазақ тiлi

Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақтар 1)«Жеке тұлға» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
2)«Отбасы және дәстүр» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 3)«Мамандықтың бәрі жақсы» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
4)«Менің мамандығым – менің болашағым» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 5)«Бұқаралық ақпарат құралдары» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып (100-130 сөзден кем болмауы керек) 6)«Заман және заң» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 7)«Денсаулық және саламатты өмір салты» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
8)«Ауру – астан» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
9)«Адам және экология» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 10)«Қазақстандағы экологиялық мәселелер» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз (100-130 сөзден кем болмауы керек)
11)«Жаһандық жылыну мәселесі» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
12)«Қазақстандағы тарихи орындар» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
13)«Саяхат және туризм» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
14)
«Мамандық алу және маман болу» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
15)«Әл-Фарабидің ұлағатты сөздерін талдау» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 16) «Абай Құнанбайұлының ұлағатты сөздерін талдау» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
17) «Ыбырай Алтынсариннің ұлағатты сөздерін талдау» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 18)«Отбасындағы сыйластық» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
19)«Мен таңдаған мамандық» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
20)«Қандай көркем туған өлкем» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
21)«Туризм индустриясы және Қазақстандағы туристік нысандар» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз.(100-130 сөзден кем болмауы керек)
22)«Табиғат құбылыстарынан келетін қиындықтар» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
23) «Ұлы мәртебелі уақыт және дәуір» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
24)«Қазақтың уақыт өлшемдері» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
25)«Сәулет өнері» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 26)«Сәулет өнерінің шыңы» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 27)«Қоғамдық орындардағы этика» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
28)«Мінез-құлық мәдениеті» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 29) «Елге қызмет ету білімнен емес, мінезден» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
30)«Сән мен талғам» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 31)«Сән әлемі және киім дизайнерлері» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
32)«Әдебиет әлемі» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
33)«Қазақтың атақты ақын-жазушылары» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 34)«Менің Отаным» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 35)«Атамекен – құт мекен» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек) 36)«Бабалардан жеткен ұлы мұра» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
37)«Қазақтың дәстүрлі баспанасы» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
38)«Тұрғын үй және қазіргі заманауи үйлер» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
39)«Отандық өнімдерді қолдаймыз» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)
40)«Әлемдік ғажайып сәулет туындылары» тақырыбы бойынша мәтін құрастырып жазыңыз. (100-130 сөзден кем болмауы керек)

Показать ответ
Ответ:
Натульчик67
Натульчик67
13.08.2021 01:13

Ана тілің – арың бұл.

Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!

Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.

Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.

Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай:

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
zlatapitch1234
zlatapitch1234
13.08.2021 01:13

Сан есімнің емлесі сөйлемдердегі сан есімнің сауатты жазылуын қамтамасыз етеді. Бұл қарапайым ережелерді білу - заманауи адамның парызы.

Сан есімнің емлесі:

Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.

Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.

Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.

Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.

Екі, алты, жеті деген сандарға жинақтық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы: екі — екеу, алты — алтау, жеті — жетеу:

Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: 100-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу үй, 40—50 үй т. б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.

Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-оннан, 10—15-тен, 20—20-дан т. б.

Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота