Әлемді жаулауы керек...» Бүгін Астанада «Қазақстан Республикасының Индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы: 2016 жылдың I жартыжылдық қорытындысы» атты кеңесті ашқан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның негізгі экспортындағы биржа тауарларына бағаның төмендеуі жағдайында екінші және балама экономика, өңдеуші өнеркәсіп аса маңызды рөл атқарады.
«Индустрияландыру – бұл тек жаңа бағдарлама ғана емес, бұл жаңа жұмыс орындары, тауарлар технологиясы. Бүгін осында қойылған көрмедегі өнімдер біздің осы жылдар ішінде жеткен жетістіктерімізді паш етіп отыр. Мені әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары, ұсақ өндірістер, балалар ойыншықтарының, киімдердің өзімізден шыға бастағаны қуантады. «Қазақстанда жасалған» брендімен шыға бастаған тауарлар нарықты жаулай бастады», – деді Елбасы.
Бұл ретте Президент, әсіресе, аграрлық кешен саласындағы жетістіктерді ерекше атап өтті. Елбасының айтуынша, бүгін ауыл шаруашылығы саласында адамдарға қажеттінің бәрі елімізде шығарылады. Алайда олардың ауқымы әлі де тиісті деңгейде емес. «Әрине, бұл – уақыттың еншісіндегі мәселе. Біз агроөнеркәсіп кешеніне үлкен мән береміз. Біз әлем арасында Қазақстанда шығарылған органикалық таза өнімдермен ерекшеленуіміз керек. Қазақстан қо , химиясыз, экологиялық таза өнім шығаратын ел ретінде әлемді жаулауы керек. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын боламыз», – деді Н. Назарбаев.
«Тұтастай алғанда, индустрияландыру жылдарында біз бұған дейін Қазақстанда ешқашан шығармаған, мүлдем жаңа 500-ден астам өнім шығара бастадық. Біз төртінші өнеркәсіптік революцияның жүріп жатқанын білеміз, яғни, әлемдік экономика жаңа кезеңге бет алды. Жаңа инновациялық ғылыми-техникалық бұйымдар жасалуда. Біз осы жаңалыққа, осы қатерлерге әзір болуға тиіспіз. Жаңа индустрияландыру аясында жаңа жаһандық шынайылықты ескеруге тиіспіз. Бұл айтуға оңай, іске асыру күрделі, өйткені Қазақстанның базасы инновациялық өнімге дайындығы әлсіз. Дегенмен білікті мамандар арқылы біз діттеген жетістікті бағындыра аламыз», – деді Н. Назарбаев.(255 сөз)
https://www.inform.kz/kz
2) Мәтінде көтерілген мәселеге автордың және оқырманның тарапынан екі сұрақ құрастырыңыз. Өз пікіріңізді 5-7 сөйлеммен білдіріңіз.
- Я учу казахский язык.
- Ты что делаешь, если тебе попадают неизвестные слова?
- Я использую переводчик.
- Я немножко учил. Когда учитель говорит на казахском я её понимаю.
- Что нужно сделать что бы не забыть?
- Нужно в школе, дома, на улице разговаривать на казахском, тогда не забудешь.
- Как ты думаешь, что нужно сделать что бы наш словарный запас был большим?
- Нужно много читать книги, газеты на казахском языке.
- Я теперь буду стараться много читать на казахском языке.