Ұлы ағартушы - великий просветитель Еңбек тәрбиесі - трудовое воспитание
Ойлар меи идеялар - мысли и идеи
Мектеп ашуға негіз - основа для открытия школ
Ұйымдастыру - организовать
Қолөнер училищесі - ремесленное училище
Нақты іс - конкретное дело
Белсенді қызмет - активная служба
Құрметіне атау - дать имя в честь (кого-то)
Құдай заңы - божий закон
Машиналар құрылымы - структура машины
Механикалық өндіріс - механическое производство
Арнайы пәндер - специальные предметы
Мұқтаждық - нужда
Толық арылу – полностью освободиться (избавиться)
Тоқыма ісі - вязальное дело
Білім ошағы - очаг знания
Ұйым - орган
1. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңыз.
1)
2)
3)
4)
5)
2. Жаңа сөздермен сөйлемдер құрастырыңыз.
1)
2)
3)
4)
5)
Мен болашақта кім болам?
Әрине әрбір адам болашақта бір мамандықтың иесі болады. Менің арманым болашақта ұстаз болғым келеді. Маған әліппені ұстатып сауатымды ашқан Қазиева Гулмира апай. Ол маған өзінің бар білгендерін үйретіп білім нәрімен сусындатып жүр. Сондықтанда мен өз ұстазым секілді болғым келеді. Ұстаз ол құрметті, зор мәртебеге лайық жандардың бірі. Ұстаз жалғыз өзі көптеген балалардын сауатын ашып білім беріп білгенін оқушылармен бөлісіп жүреді. Ғалымдар, жазушылар, шахтёрлар, кәсіпкерлердің де өзінің ардақты ұстазы болады. Биыл біз бастауыш сыныпты аяқтаймыз.”Ұстазы жақсының ұстамы жақсы” - дегендей менде өз ұстазым секілді үлгілі мұғалім болғым келеді”.
Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!