В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
AAMB
AAMB
15.12.2021 01:41 •  Қазақ тiлi

Ұлы дала өркениеті .
Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе ұлы дала өркениеті- Еуразия өркениетінің басы, жалпыадамзаттық өркениеттің құрамдас бөлігі. Бүгінгі Қазақ жерінде 45000 өзен, 85000 көл бар. Алтай, Ұлытау, Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары да осы далада орналасқан. Алтайдан Дунайға дейінгі Дешті Қыпшақ жері- әрі далалы, әрі таулы, әрі өзен- сулы, нулы өлке. Осы Ұлы далада өркениеттің орнауына себеп болған бір неше фактор бар:
Біріншіден, Алтайдан Донға дейін созылған Ұлы Дала екі құрлықтың басын қосты. Ол – Еуропа мен Азияның қақпасы болды.
Екіншіден, Дала өркениеті біздің жыл санауымыздан мың жыл бұрын пайда болды. 7000 км. жер қамтылды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы 4 мыңыншы жылдың соңында түркі жұрты ең жұйрік аң- жылқыны қолға үйретті.
Үшіншіден, Ұлы дала Амудария мен Сыр арқылы Қытай – парсы, Үнді, Араб өркениеттерімен тоғысты.
Төртіншіден, Дала баласы табиғи ортамен толық гормонияда өмір сүрді. Оған шығармашылық эволюция тән болды.
Бесіншіден, Ұлы дала арқылы өтетін «Ұлы Жібек жолы» - сауда жолы ғана емес, мәдениеттердің тоғысу жолы еді. Бір ғана Сырдарияның бойында 300 -ге жуық қала мен елді мекен болды. Яғни сахарада көшпенді дала мен қала өркениеті қатар дамыды.

Ұлы дала өркениеті туралы өз пікіріңді жаз . (2 сөйлем) ​

Показать ответ
Ответ:
PROmax100
PROmax100
30.04.2020 19:32
Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады. «Қобыланды батыр» жырын жинау тек 19 ғасырда ғана қолға алынды. Жырдың бізге 29 түпнұсқасы жеткен.Осы 29 нұсқасының 26-сы Қобыланды батырдың ерлігі жайында,ал 3 нұсқасы Қобыландының балалары Бөкенбай мен Киікбай батырлар туралы жазылған.«Қобыланды батыр» жырының заңды жалғасы болып есептелетін Қарлыға қыздың достығы,махаббаты,ерлік істері жайында тағы бір жыр бар. Бұл нұсқалардың көбісі кейінгі кезде жинақталған. Осы нұсқалардың барлығы да оларды алғаш хатқа түсіріп,оны жырлаған ақын-жыраулардың аттарымен аталған.Бұл нұсқалардың көпшілігі бұрыннан белгілі,халық арасына кең тараған,ғалымдар азды-көпті зерттеген жырлар.Кейінгі кезге дейін белгісіз болған-Дәулетше нұсқасы. Жыр Марабай нұсқасына ұқсас. Бұл жырдың 1884 жылы араб әрпімен жазылған түпнұсқасы Қазан мемлекеттік университетінің кітапханасында сақтаулы.1860 жылы қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің Марабай жыраудан халықтың көптеген ауыз әдебиеті үлгілерімен қатар «Қобыланды батыр» жырын жазып алған.Оның ең көркем,ең қызық бір тарауын Қобыландының Тайбурылмен Қазан ханға қарсы шауып бара жатқан сәтін 1879 жылы басылып шыққан „Қырғыз хрестоматиясына“ енгізді. 1870–1890 жылдарының аралығында «Қобыланды батыр» жырының кейбір үзінділерін В.В. Радлов пен Г.Н. Потанин жариялаған. Осы жырды 1932 жылы С.Сейфуллин, 1939 жылы С.Мұқанов „Батырлар жыры“,„Батырлар“ деген жинақтарға енгізген. С.Сейфуллин,М.Әуезов,С.Мұқанов,Ә.Марғұлан,М.Ғабдуллин,О.Нұмағанбетова. т,б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінде «Қобыланды батыр» жырының мазмұндық,көркемдік қасиеті жан–жақты қарастырылған. Жеті буынды өлшеммен жырланған эпостың тілі айырықша көркем,эпитет,теңеу,салыстыру,әсерлеу молынан кездеседі.Қазіргі кезде бұл жырдың нұсқалары Мәскеу,Алматы,Орынбор,Қазан,Ташкент,Нөкіс қалаларының мұрағаттарында ,Орталық ғылым кітапхана қоры мен Әдебиет және өнер институтының қолжазба және мәтінтану бөлімінде сақтаулы.
0,0(0 оценок)
Ответ:
mashaaa98
mashaaa98
26.02.2023 14:14
Асет пен Ораз ауылда границанын касында турады. Олар жане олардын жакындары орманга барды. Олар жемистер жинады. Орас демалуга отырды. Бир кезде ол "Шшш " деген дауыс естип калды.Ол шуламай Асетти шакырды. Олар жерге жатып калды жане дауыска барды. Олар тыгылып откан бутен адамды курип калды. Эсет Орасты кумен тесуге апарып узи адамды карауга барды. Коп уакыт утпегенде Орас еке пограничникпен келди. Асет оларга кайда екенин курсетти. Бутен киси оларды кургенде тыгылып калды. Оны устап заставкага апарды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота