Соғыс-күйретуші күш! Иә, дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал.сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Қанша жылдан бері біз өзіміздің тәуелсіздігімді, бейбітшілігізді тойлап келе жатырмыз.оның барлығы да бізге, болашақ ұрпаққа үлкен еңбек, тер арқылы келді. Аталарымыз бізді қорғау үшін өз жандарын пида етіп, бізге үлкен жеңіс әкелді. Әрине, біз оның барлығын көрмесек те, олардың есімі мәңгі біздің жүрегімізде болады. Уақыт өткен сайын ауыр соғыстың куәгері болған апа-аталарымыздың саны азайып бара жатыр. Сондықтан да келер ұрпаққа жеңіс туралы тарихи мәліметтерді сақтап қалу біздің басты міндетіміздің бірі деп ойлаймын.
Ұлы Отан соғысы-а ң адамдық қасиетке жатпайтын өзімшілдігі, аярлығы, зымиян ойлылығы мен озбырлығынан басталды. Қанша адам жақындарынан айырылды? Қанша адам туған жерден жырақ жүріп, қаншасы жат жерде жерленді? Қанша бейкүнә бала азап тартты? Қанша ананың көз жасы көл болды? Қанша а ұрпағы үшін барлығына да барды? Бұл соғысқа көптеген қазақстандықтар да қатысты. Солардың ішінде менің атам - Кабдиев Шаймұхан да қатысқан болатын. Атам 1927жылы туып, 1981 жылы өмірден өткен. 54 жыл өмір сүріп, бар ауыртпашылықты көріп кеткен. Шынымды айтсам, атам жайлы еш нәрсені білмеймін деп айтуға болады. Себебі, бала кезімнен бастап ол туралы сұрасам да, ешкім де маған тіл қатпады. Тіпті суреттерін де көрсеткен емес. Неге екенін білмеймін бірақ мені алуан түрлі сұрақтар әлі күнге дейін мазалайды. Бір күні менің атам келініне соғыс жылдары,сол кездегі қиыншылықты,өз отбасысының жағдайы жайлы айтыпты. Сол келіні барлығын есіне түсіріп, маған біразын айтып берген болатын. Атам Мәскеу, Сталинград, Днепр, Кавказ үшін шайқастарда ерлік көрсетіпті. Киев, Будапешт, Варшава қалаларын жау қолынан азат етуге қатысыпты. Атам жеңісті Калининград қаласында қарсы алыпты. Өзінің ерлігі үшін ордендермен, медальдармен марапатталып, туған жеріне 1946 жылы оралыпты. Соғыс кездерінде көптеген қиыншылықтар, ашаршылық та болғанын әр адам біледі. Міне, сондай қиын жағдайда атам ұлды болыпты. Бала сол қиын кездерде туылған соң, оның атын - Тумаш деп қойыпты. Бала өсіп, оған жейтін тамағы мен киетін киім қажет болды. Атамның келінінің айтуынша, атам оны қапшыққа салып, тамағын беріп, оны қамтамасыз етіп, қауіпсіз жерге апарып қоятын. солай ауыр сәттерді де бастан өткізіпті. 1979 жылы соғыста алған ауыр жарақаттың салдарынан көзі көрмей қалып, 1981 жылы дүниеден өтіпті.
Жан ата, қатал әскери сынақ жылдары белсеңді Отанын қорғағандардың қатарында болдыңыз. Сіздің Ұлы Отан соғысы кезіндегі жетістіктеріңіз бен ерліктеріңіз біздің, жас ұрпақтың жадында мәңгілік сақталады. Өміріңізбен де, аталық мейіріміңізбен де, жадымызда жатталған әрбір ғибрат сөзіңізбен де тағылымды тәрбие тамыршысы болдыңыз. «Ер есімі-ел есінде» деген сөзді халық текке айтпағанына көзім анық жетті. Құрметті адамдар, әсіресе жастар Соғыс және Еңбек ардагерлеріне тағзым етейік! Оларды қадірлейік!
«Өмір үшін мың тағзым»