Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда
жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге асқан. Мысалы, асыл
тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және басқа
да тауарлармен алмасқан. Кейіннен ақшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке,
сауда жолдары ашылды.
Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды.
Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи қала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп
аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты – бүкіл Орта Азиядағы сәулет
өнерінің керемет үлгісі болып табылады.
Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі
қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн
Мұхаммед шыққан қала.
Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында
түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген
дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
Сын есім :
Шартты райға көркем әдебиеттен мысалдар:
Мысалы: Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарның тiленбей(Абай).
Егер көңiлдi кiрбең ой ба бүгiн Әбiш атқа мiнiп ап, ағындап шапқылар едi (М.Әуезов).
Егер мен шақырсам, ақының бiздiң үйге келер ме… (С. Ерубаев).
Салт аттылар мен ат шана өтiп кетсе де, Әбдiрахман терезеге сүйенiп ұзақ тұрды(Х.Есенжанов).
Қазiрде Абай көңiлi қандай салқын болса, Дiлдә да сондай салқын (М.Әуезов).
Олжабек қалай бұрылса, Жамал да солай бұрылды. (Ғ.Мұстафин)
Надан Малқар ескi әдетiмен елдi қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ. (Ғ.Мұстафин).
Я, мен көк ит болсам, сендер көп итсiңдер (М.Әуезов).
Жарқырап бір көрінсек дейміз (Ғ. Мұстафин)