Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджаб, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі – мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын.
2002 жылы Тараз өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалалардың бірі болған. Ескерткіштердің түгелдей жойылғанына қарамастан көп жылғы археологиялық жұмыстардың нәтижесінде көне және орта ғасырдағы Тараз өмірінің әр түрлі кезеңдерін сипаттайтын елеулі материалдар жинақталған.
Түркістан қаласының іргетасы V-VІ ғасырларда қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдығында қаланған. Археологтар қаланың тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасынан табылған тас дәуірі ескерткіштері (Шоқтас, Қошқорған) бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді.
1. Мәтінге қандай тақырып қоюға болады? [1]
2. Мәтіндегі негізгі ойды табыңыз? (өз сөзіңізбен)
[1]
3. «Тараз базары – әлем айнасы» деп не үшін аталған? (өз сөзіңізбен)
[1]
4. Мәтіннен берілген сөздің синонимін табыңыз.
Ежелгі - [1]
СОР ЗА 2 четверть
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.
Қала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.Ақтау - Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады.
-қа/-ке:
Ала жіп,түндік,шаңырақ,ірімшік,құрт,өріс.
-ға/-ге:
Бала,сарай,көше,құмыра,қоржын,саз,кесене,мұра,дәстүр,ғасыр,киіз үй,ұста,кілем,сиқыр,аспан.
-а/-е:
Ескерткішің,шапаның,текеметің,өрнегің,сандығың,белдігің.
-е:
Ескерткішің,текеметің,өрнегің,белдігің.
-на/-не:
Сарайы,көшесі,тақиясы,кесенесі,құмырасы,бесігі,көйлегі.
Қайда:
Өріс,сарай,көше,кесене,киіз үй, сарайы,көшесі,кесенесі.
Неге?:
Ала жіп,түндік,шаңырақ,ірімшік,құрт,құмыра,қоржын,саз,мұра,дәстүр,ғасыр,кілем,сиқыр,аспан,ескерткішің,шапаның,текеметің,өрнегің,сандығың,белдігің,тақиясы,құмырасы,бесігі,көйлегі.
Кімге?
Бала,ұста.