«Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан Испиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент қалалары туралы ақпарат жинап, ой бөлісіңдер.
Сайрам Исфиджаб, Испиджаб–Оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының бірі. Жұрты қазіргі Сайрам кентінің Оңтүстік-батысында, Шымкент қаласынан 12 километр жерде.
Отырар
Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды
Түркістан
— Қазақстандағы қала, Түркістан облысының әкімшілік орталығы.Қаланың Ұлы Жібек жолының бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға төуөп етуі, сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті.
Тараз
— Жамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды.Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді.
Сауран
Қала екі облыстың (Түркістан мен Қызылорданың) шекарасында орналасқан. Оның көлемі таңғалдырарлық, қалайша бос және шөл даланың ортасында ғажайып қала тұрғызып, биік қабырғалармен, кәріздермен жабдықтаған, шөл жерлерді сумен қамтамасыз еткен деп қайран қаласыз. Сол кездегі Сауран ортаазиялық отырықшы мәдениеттің ең жақсы үлгісін паш етіп, қазіргі ғалымдарға көптеген шешуі табылмаған сұрақтар қалдырды.Сауран Ұлы Жібек жолының маңызды сауда нүктесі болды. Орта Азия хандықтары мен дала тайпалары арасындағы өзіндік шекара пунктіне айналды. Қалада көптеген керуен-сарайлар, саудагерлер үшін демалыс және сауда орындары болды
Сығанақ
Сығанақ, Сунақ – ортағасырлық қала орны. Қазіргі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Сунақата ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Қазақстанның республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерінің қатарында.
Сарайшық
Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды сауда және қолөнер орталығы. 1469-1511 және 1521-1599 жылдары Қазақ хандығының астанасы, ал оған дейін қыпшақ мемлекеті мен Ақ Орданың бас қаласы ретінде белгілі.
Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.
Жанкент қорғаны
- республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш. Қазалы ауданы территориясындағы Өркендеу ауылдық округінің орталығына іргелес жатқан биік төбе сияқты топырақ басқан қорғанның орнында VІІ - ХІV ғасырларда Жанкент, Янгикент қаласы өмір сүрген.Орналасқан жері - Қазалы ауданы, Жанкент ауылынан 15 шақырым жерде. Хронологиялық шегі - ҮІІ - ХІҮ ғасырлар аралығы. Мекендеген халқы - Оғыздар мемлекеті.Жанкент Азия мен Еуропаны байланыстырған Ұлы Жібек жолының бо-йындағы қала болатын. Кейін құрлық арқылы өтетін дүние жүзілік керуен жолдары қысқара бастайды. Жанкент арқылы Сырдарияны кесіп өтетін үлкен жолдың да ғұмыры аяқталады.
Испиджаб