Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан . Жібек мата
дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек .Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады.
Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз құрт немесе жібек құрты деп
атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан,оны тұт жібек құрты
немесе тұт көбелек деп атаған. Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен,оны өндіру жолын Қытай
үкіметі өте құпия сақтаған .Соған қарамастан, құпия өндіру тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып
шыққандар да болған .Олар жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып ,әйел адамдардың шашының арасына
жасырған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады .Ол Ұлы
Қытай қорғанының батыс шетінен ,Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік -
батысқа қарай шығу үшін оңтүстік ,солтүстік бағыттар болып тармақталады скажите кратко на казахском языке основную идею текста
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!