мәңгілік ел» ескерткіші жасампаздық қақпасын бейнелейді. салта-
натты қақпаның маңдайында мемлекеттік рәміз - елтаңба, шаңырақ,
киіз үй керегелері, күн шұғыласы, алтын жалды қанатты пырақ бейне-
леніп, «қазақстан» деген сөз жазылған.
«мәңгілік ел» салтанат қақпасы - айрықша сәулет ескерткіші.
«мәңгілік ел» жазуы қақпаны көріктендіріп тұр. арка ұлттық оюмен бе-
зендірілген. абыз ақсақал мен данагөй ананың, қаһарман батыр мен ел-
шіл жауынгердің қола мүсіндері өнерлі қазақ халқының рухани өмірінің
тыныс-тіршілігін білдіреді. қақпаның бір жағына қожа ахмет ясауи кесе-
несіндегі тайқазанның көшірме үлгісі орнатылған. мұнымен қоса онда
қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі – қалқан бейнеленген. қақпаның
бір қабырғасы тәуелсіздікке арналған. онда егемендік туралы деклара-
ция көрсетілген. бұл қабырғада «ақорда», «бәйтерек» секілді маңызды
нысандардың суреттері салынған (с. негимов).
нужен перевод этого текста!
"Уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?"
Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Сонымен, "уақтты қалай тиімді пайдалану керек?" деген сұраққа мен келесідей ақыл - кеңес беретін едім:
1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.
2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.
3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.
4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.
5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.
6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.
Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Мемлекеттік елтаңбаның орталық геральдикалық элементі – көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесі секілді тараған уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағына аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында еліміздің мемлекеттік әнұраны екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді. Қазіргі «Менің Қазақстаным» әнұранының авторлары Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.