Мұрат Мөңкеұлы 1843 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға өңірінде туған. Мұрат өмір сүрген уақыт патшалық отаршылдық мейлінше дәуірлеп, қазақ жерінің талауға түскен, халқының зорлық-зомбылыққа душар болған шағы еді. Патша үкіметінің тарапынан жүргізілген реформалар нәтижесінде ел билеу жүйесіне өзгерістер енгізіліп, халықтық салт-дәстүрлердің қоғамдық-әлеуметтік тамыры жойыла бастады. Міне, осы тұста Мұрат сынды ақындар халықтың басына түскен ауыртпалықты жырға қосты. Мұрат мұрасын зерттеген Бауыржан Омарұлы былай дейді: «Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Әттең, бір қапы дүние-ай» сияқты толғау-дастантарында қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қаймықпай қарсы тұрды». «Зар заман» дәуірі поэзиясының қатарында Мұратың «Үш қиян» «Сарыарқа» атты толғауларының орны ерекше. Аталған екі толғауда да ақынның ата-бабаларымыздың қасық қаны қалғанша қорғаған жерін отарлаушылардың табанының астына таптатқысы келмеген жан күйзелісі көрініс тапқан.

Объяснение: