В
Все
М
Математика
А
Английский язык
Х
Химия
Э
Экономика
П
Право
И
Информатика
У
Українська мова
Қ
Қазақ тiлi
О
ОБЖ
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
У
Українська література
М
Музыка
П
Психология
А
Алгебра
Л
Литература
Б
Биология
М
МХК
О
Окружающий мир
О
Обществознание
И
История
Г
Геометрия
Ф
Французский язык
Ф
Физика
Д
Другие предметы
Р
Русский язык
Г
География
dilaratristarimir
dilaratristarimir
27.04.2020 18:12 •  Қазақ тiлi

Мәтін бойынша "қос жазба" күнделігін толтыр. түсіндір

Показать ответ
Ответ:
Hadeyac23
Hadeyac23
17.02.2021 09:47
Суға түсу маусымы ресми түрде 1 маусымнан басталды. Бірақ, кейбір адамдар суға түсу маусымы басталмай-ақ суға түсуді әдетке айналдырып отыр. «Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша 5-6 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде күндізгі ауа райы температурасы +440 С градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты су айдындарында   шомылатындардың да саны арта түсетіні кәміл. Жыл сайын суға түсуге болмайтын жерлерге суға түсу оқиғалары көбейіп отыр. Жағажайлардың суға түсуге қолайлығы  тексеріліп, содан кейін барып, ашылуға дайындайды. Өзен асты сүңгуіршілердің көмегімен бақыланып қаралады. Қаралғаннан соң барып, жағажайды қолданысқа беру немесе бермеу туралы шешім шығару қажет. Суға түсуге болатын жағажайлардың өзінде де түнгі мезгілде суға түсуге болмайды.Жағажайда дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілікте болса да, арнайы қалқымалармен де суға түсуге болмайды. Бұдан бөлек мас күйінде суға түсетін адамдар да құтқарушыларды әбігерге түсіріп қоятыны бар. Қаза болғандардың Ағымдағы жылы бір адам мас күйінде суға түскеннің салдарынан қаза болған. Жағада спирттік ішімдіктер ішу тек қана өзіне ғана зиян әкелмейді, сонымен бірге қоршаған ортаға да залал келтіреді. Суға лақтырылған, сынған бөтелкелер судағы басқа да адамдардың жарақаттануына немесе бақытсыз жағдайға ұшырауына әкеп соғады.Жаздың күні балық аулайтындарға су айдындары қауіпті саналады. Балықшылардың өздерінің жеке құтқарушы құралдары, құтқару көкірекшесі немесе шеңберлері болуы керек.Судағы демалыс  –  әсіресе жаздың күндері демалыстың ең бір керемет түрі. Балалар мен ересектер үшін катерде, қайықта серуендеу керемет ләззат әкеледі. Алайда, демалыс орны толмас қайғылы оқиғаға да душар етуі мүмкін. Судағы қауіпсіздік ережесі талаптары ескерілмегендіктен, қайғылы  жағдай немесе адам өлімі орын алуы да әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек. Қаза болғандардың сегізі – бұл судағы қауіпсіздік ережесін сақтамаған ересек адамдар болса, үшеуі үлкендердің қарауынсыз су айдындарында  қалдырылған балалар  болып отыр.   Бақытсыз жағдайлар көбінесе суға түсу қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтамағандықтан болып жатады. Соңғы жылдардағы оқиғаларды талдағанда судағы адам қазасы төмендегі жағдайларға байланысты орын алып жатады:- суға жүзуді білмегендіктен;- жабдықталмаған су айдындарында шомылу, судағы қорқыныштан және жылдам ағыстан;- алкогольдік ішімдік ішіп немесе басқа заттар қолданып, мастықпен  суға түсуден;- құтқару құралдарын қолдану тәртібін бұзудан;- мұз астынан балық аулаудан;- навигациялық ережелерді бұзғандықтан және тағы басқалардан.Балалар мен ересектердің қаза болуының басты себептері – суға жүзуді білмеу және судағы қауіпсіздік ережелері талаптарын сақтамаудан.  Әсіресе, балаларды су жағасына үлкендердің қарауынсыз қалдырып кетуінен. Сәби абайсызда сүрініп немесе құлап қалып-ақ, жәй ғана шалшық суға да тұншығып қалуы мүмкін.Барлық судағы іс-шаралардың қатысушылары су айдындарында қауіпсіздік шаралары мен ережелері талаптарын мүлтіксіз сақтауы керек. Адамның ең бір ізгі міндеттерінің бірі  - суда жүзе білуді  өзінің үйренуі және қоршаған ортадағы басқа адамдардың да суда дұрыс жүзуге дағдылануына үлес қоса білуі.Айгүл Нұрманова,Қызылорда облысы ТЖДМемлекеттік тіл және ақпарат тобы
0,0(0 оценок)
Ответ:
raz1508
raz1508
17.05.2020 00:22

Ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме? тақырыбына диалог құрастыру.

Дәрігер: Сәлеметсіз бе, қандай шағымыңыз бар?

Емделуші: Қайырлы таң, дәрігер мырза! Кеше түстен бері өзімді жайсыз сезініп, басым ауырып, қан қысымым жоғарылап кетті. Түнде де дұрыс ұйықтай алмай, таң атысымен қабылдауыңызға келіп отырған жайым бар. Кеше ауа райы да бұзылып, жайсызданып кетті ғой. Осы ауа райының өзгеруі денсаулыққа әсер ете ме?

Дәрігер: Жеңіңізді түріп жіберіңізші. Қан қысымыңызды тексеріп көрейін. Жалпы ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған. (...) Қан қысымыңыз бен жүрек қағысыңыз жоғарылап тұр.  

Емделуші: Енді не істесем болады? Емдік шараларын қолдануым керек пе?

Дәрігер: Иә, қазір жас ерекшелігіңізге байланысты қабылдайтын әрі қан қысымын түсіретін дәрі жазып беремін. Ол дәріні әлеуметтік дәріханадан тегін алып, нұсқаулыққа сай пайдаланып, екі күннен кейін тағы да бір тексерілуге келіңіз. Үйде жағдайыңызды бақылап тұрыңыз, себебі қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криз секілді аурулардың дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота