Мәтін мазмұны бойынша кестені толтыр.
Ұлы дала табиғаты
Қазақстан жер көлемі бойынша әлемде 9-орын алады. Қазақстанның байтақ жерінде таулар да, өзендер де, көлдер де, теңіз де, далалар да, ормандар да бар. Қазақстан табиғатында фауна мен флора әртүрлі.
Қазақстанның шығысында Зайсан көлі, Тарбағатай таулары бар. Бұл жерлер өте көрікті. Зайсанның суы мөлдір. Көлді қарағайлы орман қоршап тұрады. Тарбағатай тауларында жан-жануарлар мен дәрілік өсімдіктер көп. Қазақстанның батысында Каспий теңізі жатыр. Теңіздің суы тұзды, бірақ пайдалы. Теңіз суында йод көп. Қазақстанның барлық аймақтарында көктемде қызғалдақтар шығады. Қазақстан – қызғалдақтың отаны. Қазақстанда қызғалдақтың 200-ге жуық түрлері бар. Алакөл мен Бурабайды барлық қазақстандықтар мен туристер жақсы көреді. Алакөлдің суы денсаулыққа пайдалы, ал Бурабайдың ауасы астма ауруын емдейді. Осындай пайдалы және көрікті орындар Қазақстанның барлық аймақтарында бар. Бұл – табиғаттың сыйы. Біз табиғатты қорғауымыз керек.
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтатын тілі жоқ.
Табиғат - тіршілік көзі. Табиғатты қорғау біздің парызымыз, оның әрбір әсері үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Жыл мезгілдерінің өзгеруі де табиғатты одан әрі әсерлендіреді. Әр жыл мезгілдері әр қилы. Төрт жыл мезгілі - төрт түрлі ғажайып күй сыйлайды. Табиғат бізге көп әсемдігін, таза суын, көк аспанын будақ бұлттарымен мөлдір суын береді. Таудан аққан өзен дауысы, жасыл шөптің сылдыры және әр нәрсеге, бізге әсемдік береді. Табиғаттың ғажайып әсемдігін көз алдыңа елестете отырып, өзің бір керемет сезімге бөленесің. Табиғаттың бар әсемдігін, бар кереметін, оның әрбір әсерін сөзбен де, жазумен де жеткізу оңай емес. Оның керемет көрінісі жаныңды тебірентеді. Бұлттары мақтадай, шөптері кілемдей төселген. Табиғатты аялау әр адам үшін маңызды, себебі адамда табиғаттың бір бөлшегі. Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым. Бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатты аялап, қорғауымыз керек. Табиғатты аялау дейміз – ау. Осы бір сөздер парақ жүзіне асқалы көп болғанын сізде бізде білеміз. Өзіміздің салдыр - салақтығымыздың нәтижесін көріп те жүргендейміз. Оған дәлел талай баланың дертті болып туылуы болса, ауа - райының үлкен өзгеріске ұшырауы, төрт мезгілде болатын құбылыстың бір күнде болуы, табиғат – ананың да денсаулығына нұқсан келгенін қинала отырып мойындаймыз