Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар (ответь на во Асқар Жұмаділдаев кім?
2. Асқар Жұмаділдаевтің қандай еңбектерін білесің?
3. Ол қайда қызмет жасаған?
• Жазылым. Асқар Жұмаділдаевтің өмірін рет-ретімен орналастырып жаз. (расположи по тексту предложения).
1. Ғылымға қосқан үлесінің арқасында 1981 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын алды.
2. Ол Қызылорда облысында дүниеге келген.
3. Петровский сыйлығымен марапатталды.
4. Еуропаның бірқатар оқу орындарында дәріс оқыды.
• Жаңа сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құра ( составь предложения с слова сочетаниями).
1.Ерекше қабілет
2.Талмай іздену
3.Үлес қосу
4.Ғылыми еңбектері
Өзіңді тексер:
1. Асқар Жұмаділдаевтің туған жері?
А. Алматы
В. Қостанай
С. Қызылорда
Д. Семей
2. Асқар Жұмаділдаев неше жыл шетелде қызмет етті?
А. 1.15 жыл Б. 2.10 жыл
С. 3.8 жыл
Д. 4.9 жыл
Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, теңіз немесе өзен мен көл жағалауында ауа таза болады. Ал елді қоныстарда ауаға адамның денсаулығына зиянды түрлі қоспалар араласып жүреді. Әсіресе, өндірісті қалаларда ауа көп ластанады. Фабрика, зауыт, жылу орталықтарының мұржасынан будақтап шығып жатқан қара көк түтіннен өте майда күл, шаң-тозаң ауаға көтеріледі. Ауаның тазалығын сақтау үшін ірі кәсіпорындардың мұржаларына ыс, шаң-тозаң, түрлі улы газдарды тұтатын қондырғылар орнатылады.
Ірі қалалардағы ауаның ластануының тағы бір көзі – автомашиналар. Бензинмен жүретін көліктер көп мөлшерде улы заттарды бөліп шығарады.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
Сондықтан көше бойлай ағаш отырғызу, гүлзарлар жасау, демалыс бақтарының көлемін кеңейту ауаның тазалығын сақтаудың бір жолы болып табылады.
Есте сақтаңыздар
Ауаның құрамы, қабілеті кемиді, өкпе, тәулік, шалдықтырады, майда күл, кәсіпорындардың мұржалары, улы заттар, көмірқышқыл газы, гүлзарлар, демалыс бағы.