Мәтін не туралы? Рейн-Батыс Еуропадағы ең ірі өзендердің бірі. Оның ұзындығы - 1320 км.Өзен арқылы жылына 100
млн.тоннадай жүк тасымалданады. Ол Швейцария, Германия, Нидерланд, Аустрия жерлерін өтіп, Солтүстік
теңізге құяды. Рейн өзенімен круиз жасауға болады.
100 млн.тоннадай жүк тасымалы.
Солтүстік теңіз.
Рейн өзені.
Швейцария, Германия, Нидерланд, Аустрия жерлері.
Әсет: – Сәлем,Самат!
Самат: – Сәлем,Әсет!Қалайсың?
Әсет: – Жақсы,өзің ше?Алматыға қош келдің, достым!
Самат: – Менде де бәрі жақсы.Ия,жазғы демалысымды Алматыда өткіземін деп шештім.Сенің уақытың болса,мені қала ішін аралатып,таныстыра аласың ба?
Әсет: – Әрине,жүр кеттік!Бізге жақын жерде қаланың символына айналған әрі ең әдемі субұрқақ "Шығыс күнтізбесі" бар.
Самат: – Субұрқақтың есімі қызық екен.Неге олай атаған?
Әсет: – Өйткені,субұрқақ Шығыс халқының 12 жылдық күнтізбесі бейнесін береді.
Самат: – Түсінікті.Ал субұрқақтың сыртқы көрінісі қандай?Субұрқаққа жеткенше біліп алғым келеді.
Әсет– Субұрқақтың сыртқы көрінісі киіз үйдің жоғары бөлігіне ұқсайды.Ортасындағы Күн түріндегі композиция қызғылт түсті.Субұрқақ түбінде смальт мәрмәр тастардан мозаикалар жабыстырылған.
Самат: – Керемет!Көруге асықпын.
Әсет: – Онда тездетейік.Әлі аралайтын жерлер өте көп!
Объяснение:
Нөсер алдында найзағай ойнайды.
Күн күркіресе, көп дүркірер.
Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
Боранда күні ит пен бала құтырады.
Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.
Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
Қыстың көзі қырау.
Сәуір болса күн күркірер.
Сәуір болмай, тәуір болмас.
Жаңа айдан жақсылық.
Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
Жазғытұрым жел
жардай атанды жығар.
Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.
Объяснение:
Көмегім тисе ең үлкен бал коып кетш