Мәтін тақырыбы бола алатын жауап нұсқасын анықта. Аяз би
Ертеде Мадан деген хан болыпты. Ханның қырық уәзірі бар екен. Бір күні хан уәзірлеріне:
- Уәзірлерім! Сендердің барлығың ақылдысыңдар. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның, шөптің және құстың жаманын тауып келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалаймын! - деді. Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі.
Көп уақыт іздеп, шеңгел деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы ғой», - деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, түрі жаман, құстың жаманы осы екен», - деп, қырғауылды атып алады.
Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе жатса, таудың етегінде, үстінде жыртық тоны, басында тымағы бар, бір адам бес-он қойды бағып жүр. Уәзірлер: «Адамның жаманы, осы шығар», - деп тұрғанда, әлгі адам:
- Уа, мырзалар, жол болсын! - деді. Уәзірлер ханның сондай бір жұмысқа жұмсағанын, шөптің, құстың жаманын тауып, ал адамның жаманын таба алмай жүргендерін айтады.
Жаман тұрып:
- Түсінікті! Адамның жаманы керек болса, мен боламын, - дейді.
Уәзірлердің тілегі
Шөптің нашары
3 жаман
Хан
уш жаман
Объяснение: я так думаю