Мәтінді 2 рет мұқият оқып, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі
көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің
барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып
кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен
бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып
беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген
еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды.
Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып
бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа
құйып беретін боламын!» - деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған
ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» - деп сұрады. «Сендер
қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын.
Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын
боламын», - деді Мақсат ата-анасына қарап,
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл
сөзді естіп, жылап жіберді.
Өздерінің
қартты
ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады.
Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында
отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні
қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын
болды.
Ақпараттар
+
дұрыс
бұрыс
Адамның қалаған нәрсеге қол жеткізе алмауының себебі көбінесе жағдайлар емес, сонымен қатар мүмкіндіктерімізден толықтай пайда көруге кедергі жасайтын ішкі сеніміміз.Адамның мүмкіндіктері іс жүзінде шектеусіз.Ия,сіз өзіңіз қалаған нәрсеге ие бола аласыз:денсаулық, бақыт,мансап және т.б
Біздің қабілеттеріміз қайда жасырулы? Әрқайсымыздың ішімізде деп ойлаймын.Бұл - біздің миымыз. Ғалымдар дәлелдегендей,тіпті ең танымал ойшылдар оны 25% ғана пайдаланады екен.Қалған 75% қолданылмайды.Миымыздың көп қорын қолдану мүмкіндігі бізге не береді? Сіз таңқаларсыз, бірақ бұл адамды құдіретті етеді.
Миымыз біздің ойлау процестерімізді басқарғандықтан,мұнда әртүрлі деструктивті ойлар мен теріс көзқарастар болады.Және бұл дегеніміз,біз ішінен өзіміз қалаған нәрсеге жету мүмкіндігінен айырылып, өзіміз қалаған адам болуға кедергі жасаймыз.Біздің миымызда: "Мен ешқашан істей алмаймын ...","мен жеткілікті түрде жақсы емеспін...» және тағы басқалар сияқты ойлар бар. Бірақ тәжірибе көрсеткендей адам осындай күмәндардан айрылса,өзіның биікке қалай көтерілгенін де байқамай қалады.Бұған мысал ретінде, Гиннестің рекордтар кітабындағы көптеген атақты адамдардың іс-әрекеті.Өткен ғасырда өмір кешкен Трояны ашқан ғалым Шлиман 22 тілді білген екен. Моцарт 5 жасында симфония жазса,тас керең Бетховен өлмес классикалық музыкалық шығармалар қалдырды.Олардың құпиясы қарапайым:олар өздерінің қабілеттеріне күмәнданбаған.
Және бұл адамның физикалық қабілеттеріне де қатысты.Көпшілігіміз ауыр машина көтеру үшін жеткілікті физикалық күш сезінбейміз.Бірақ дөңгелектің астына түсіп қалған балаларды құтқаруға тырысатын аналар ауыр автомобильдерді өз күштерімен көтерген жағдайлар бар.Олар күнделікті өмірде бұны ешқашан істей алмаған еді,бірақ стресстік жағдайында баламды құтқарам деген оймен олардың барлық шектеулі көзқарастары жойылып кеткен.Осындай мысалдар өмірде өте көп.
Қорытындылай келе,біздің санамыздағы шектеулерді өзге емес,өзіміз орнатамыз.Біз өзімізді жеткіліксіз талантты, табысты,күшті, бақытты деп санамаймыз.Осындай кедергілермен күресуге,оларды керісінше ауыстыруға және осылайша қажетсіз кедергілерді жоюға болады. Біз өзімізді өзіміз ғана жаратамыз және біздің болашағымыз тек өзімізге байланысты.
Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.