Мәтінді 3-топқа бөліп оқыңдар. Сұраққа жауап беріңдер. 1-топ. Көшпелілер өркениеті дегеніміз не?
Бұл қандай аймақтар?
. Экологиялық жүйесі қандай?
2-топ Көшпелі өмір салты халықтарды неге мүдделі етті?
Көшпелілердің өмірі жайлы кімдер жазды?
Көшпелі скиф-сақ тайпаларын кім мадақтап жазды?
3-топ Көне Қытайда «көшпелілер» жайлы қандай түсінік қалыптасты?
Еуропада көшпелілерді кім деп есептеді?
Ал кеңестік идеология нені жоюды мақсат етті?
Жетіқарақшы аспанның Солтүстік жарты шарындағы Үлкен аю шоқжұлдызының ең жарық жеті жұлдызы. Аталған жеті жұлдыз шөміш пішінді иіліп солтүстік аспаннан өте анық көрінеді және ол Темірқазық жұлдызын жердің өз өсінде айналуына орай әр күні айналып жүргендей көрінеді. Жетіқарақшының жеті жұлдызының ішінде 1,8 жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыз – Ырық (Алиот) пен Ерік (Дубке) есептеледі. Және оның шеткі екі жұлдызы (ε және α) бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жеті қарақшы шоқ жұлдызының төңірегінде көптеген галактикалар мен планетарлық тұмандықтар бар. Ең жақын галактика мен Жердің арақашықтығы 70 млн. жарық жылын құрайды.
Көп уақытын шығындау. Әлеуметтік желілерде сағаттап отырамынымыз өтірік емес. Алайда бұл уақытыт пайдалы әрі тиімді өткізуімізге де болар еді. Бос әңгіме, жеңіл әзіл-қалжыңдармен уақыт өлтіргеннен гөрі, білім алу, тіл меңгеру - әлдеқайда пайдалы.
Шынайы өмірден алыстау. Әлеуметтік желілерде біздің мінез-құлқымыз, өзімізді ұстауымыз шынайы өмірге қарағанда өзгерек. Нәтижесінде шынайы өмірден алшақтап, қиялыңыздағы виртуалды кейіпкеріңізге әбден беріліп кетуіңіз мүмкін.
Жеке тұлғаның азуы. Егер әлеуметтік желілерге көп уақытын жұмсайтын адамдардың сөзіне, пікіріне назар салсақ, олардан мағынасыздықтың лебі еседі. Тіпті, бірқатарының сөздері көпшілікке түсініксіз.
Әлеуметтік желілер - алаяқтар мен арам пиғылды адамдардың алаңы. Өкінішке орай, көпшілігіміз әлеуметтік желіге өзіміз жайлы басы артық мәлімет берудің артынан болар зардабын біле бермейміз. Көбіне онда толық аты-жөнімізді, мекен-жайымызды, телефон нөміріміз бен жұмыс орнымызды жазып жатамыз. Мысалы, бүгін әлеуметтік желіде достарыңызбен ноутбук немесе қымбат тон сатып алғаныңыз жайлы мәліметпен бөлістіңіз делік. Біраз уақыттан соң өзге қалаға не мемлекетке саяхаттап бара жатқаныңыз жайлы жаздыңыз. Дәл осы уақытта сіздің жоқтығыңызды пайдаланған аласқатр, ұлылар тоныңыз бен ноутбугыңызбен қатар, одан бөлек құнды дүниелеріңізді тонап кетуі мүмкін