Мәтінді мұқият оқы. ...Есейе келе көрген көп ұстаздарым талай-талай тағылымға бой ұрғызғанымен, солардың бірде-бірі нақ өзімнің әжемдей, әке-шешем мен ауылдың қадірлі ақсақалдарындай өсиет айдынына жүздіре алған жоқ, молынан құлаш сермете алған жоқ десем, ардақты ұстаздарымның көңіліне келмес. Бұл сөзім өзіме қанымның тартқанынан немесе жақыныма сезімімнің бөлектігінен, әлде ата-анаға деген парызымның молдығынан ғана туып отырған жоқ. Өмір шындығының өзі ақиқатқа бас ұрары даусыз. Дүние тарихы. аратылыс шежіресі, жан-жануар болмысы жайлы алғашқы әңгімені әжемнен естігенімді, адамзат қауымының қалыптасуы туралы тұңғыш мағлұматты әжемнен алғанымды қалай ғана ұмытармын... Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы шынайы сезіммен азаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; ненің жақсы, не жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді үйреткен; ар заңының, әдеттің жинағынан алғашқы тарауларды таныстырған да, ең алдымен, ата-ана, ағайын-туған еді. Әрине, ол кезде мен де өзге сәбилер сияқты әжем айтқан ертегі мен аңыздардың түпкі байыбына бара бермейтінмін, әке әңгімесінің өсиетін ұға бермейтінмін және үлкендердің талай-талай өнегесін орындай бермейтінмін... Ол кезде мені қызықтыратыны ертегі-аңыздардың ғажайып оқиғалары еді... Енді, міне, есейіп ер ағасы болғанымда ойласам, мен сол әңгімелерден адамзат өресінің өрісін тани берген екем ғой... Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» үзінді 1-тапсырма Мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтап жаз. Жауабы негізгі ақпарат болатындай 1 сұрақ құрастыр. 2-тапсырма Мәтіннің қосымша ақпараттарын анықтап жаз. Жауабы қосымша ақпарат болатындай 1 сұрақ құрастыр. 3-тапсырма Мәтінде көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 1 нақтылау сұрағын құрастыр. 4-тапсырма Төменде берілген сөйлемді пайдаланып, Тәуелсіздік күніне арналған құттықтаухат жазыңыз. Құттықтаудың стильдік ерекшелігін, құрылымын еске түсіріңіз. Орфографиялық норманы сақтаңыз. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыз аңсаған ұлы күн. Әр ұлт үшін, әр халық үшін тәуелсіздіктен асқан бақыт жоқ.
1) Жырау - қазақ әдебиетінің көрнекі өкілі. Әдебиетте де тарихта да маңызды орын алар тұлға. «Жырау - өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі жырау атауы-«жыр» сөзінен туындайды» деген түсінік жырауға «Қазақ әдебиетінің энциклопедиясында» берілген. Ел ертеңі жайлы болжам жасап, данышпандығымен дараланып жүрген жыраулар хан сарайында отырып, алдағы болар қауіп-қатерді болжап отырды
2. Жыраулар поэзиясының басты тақырыбы- Қазақ хандығын құрған ру мен тайпалардың татулығы мен бірлігі, бүтіндігі мен тұтастығы, мемлекетті нығайту мен оның жауынгерлік күшін аттыру.
3. Жыраулар поэзиясының 3 түрі бар: толғау, арнау, мадақ-өлеңдер
4. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа, Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар
Объяснение:
Бар білгенім осы
Қазақстан ұлы дала
Еуропаның дәл ортасындағы, жүрегі атанған ел – Қазақ елі. Қазақстан - ұшқан құстың қанаты талатындай ұлан – ғайыр аумақтың иесі. Мен мақтанышпен, көкірегімді көкке көтеріп «Мен Қазақстанның жас ұрпағымын, келешегімін!» - деп жарияға жар сала аламын.
Тәуелсіздік - қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Нұр-Сұлтан, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жәнібек, Абылай мен Әбілқайыр сияқты әйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді - мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді. Бабалардың ерлік пен күреске толы өнегелі өмір жолдары жайлы том - том ғылыми еңбектер мен әдеби шығармалар жазылды. Тәуелсіздікпен бірге оралып, ұрпағына ұланғайыр қоныс қалдырған батыр бабаларымыздың биік рухы қазақтардың, әсіресе, жалындаған жастардың арасында аса зор патриоттық өрлеу туғызып, ұлт тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатты. Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата - баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның жастары бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой - беделін бұрын - соңды болмаған биікке көтерді.
Бәріміздің киелі ата-мекеніміз бар, ол - қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті Отанымыз бар. Ол - Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік - біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халқы бар. Ол - ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол - Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау.
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Мәңгілік Ел» бағдарламасында «Мәңгілік Ел» ұғымы кең әрі осы екі ауыз сөз қазақ халқының өткені мен болашағы екенің ашық түрде айтып өткен болатын. Егеменді ел болып қалыптасу жолындағы қиыншылықтарымызды тілге тиек етсек, бәлкім қағаз бетіне сыймас. Осы уақытқа дейін тар жол, тайғақ кешіп, мойымай өттік. Әр қазақтың жадында қорқынышты түс секілді сақталған ызғарлы желтоқсан оқиғасы.
Әрине, желтоқсан оқиғасын ұмыту мүмкін емес. Желтоқсанның желі, аязы, ызғары «Қанды мұзда» талай қазақ жазық болды. Ұлт қамы үшін сол күні алаңға, қайсар қазақ қыздары да шықты. Талай қазақ қыздарын да, гүлдерін де желтоқсан солдырып, тоңдырды.