Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпараттарды шынайы өмірмен байланыстырыңыз, мазмұндауда қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысыңыз.
1-мәтін
«Астана Операның» бас сахнасының көлемі – 935 шаршы метр. Бас сахнаның ені 21 метрді, ал тереңдігі – 59 метрді құрайды. Ал «Ослодағы опералық театрдың үлкен сахнасының ені небары 16 метр, ал тереңдігі 40 метр», - дейді Мұхтар Абрарұлы. Астанадағы жаңа театрдың қосымша екі бүйірлік сахнасы бар. Театр сленгінде «қалта» деп аталатын бұл сахналар қажет кезде дайын декорацияларымен жылжи жөнеледі. Сөйтіп, қойылымдар циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында «Астана Операда» ең күрделі спектакльдерді сахналауға мүмкіндігі мол.
«Астана Опера» залына 1 мың 250 көрермен сияды. Оның партері 450 көрерменге арналған. Басты зал аттың тағасына ұқсас формаға ие, «Ла Скала» сынды әлемдік үздік опера театрлары залына ұқсатып, бірнеше қабат етіп жасалған, бірақ ұлттық үлгіде өрнектелген. Мұның сыртында ғимаратта 8 қосымша зал, 11 репетициялық орынжай, 250 орындық камералық музыка залы, ба з залы және басқа да функционалдық бөлмелер бар.
Апорт — алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктіктің орта белдеуінде (Солтүстік Кавказ, Іле Алатауы) кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді. Апорт — кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). КСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.
Бүгінгі күні апорт нарықтан жоғалған, себебі апорт өсірілген жерлер жекешендіріліп алма ағаш орнын басқа нысандар ауыстырған (құрылыс т.б.), сонымен қатар ағаштар ескіріп жаңа алма-ағаш отырғызылмайды, Алматы облысының әлсіз газдандырылғанын еске алсақ, жергілікті тұрғындар да оны кесіп қыстан аман шығатыны сөзсіз. 70-жылдарғы санақ бойынша, Қазақстанда 3851193 түп апорт ағашы болса, оның 80 пайызын құрайтын 3036346 түп Алматыда өсiрiлген екен. Бұдан кейiнгi санақтар көңiлге кiрбiң ұялатады. Мәселен, 1984 жылы Қазақстанда 1965795 түп апорт алма болып, Алматыда оның 1418988-i өсiрiлiптi. Ал бұдан соңғы мәлiметтер тiптi майдаланып кеткен1865 жылы Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 1914 жылы бақ шаруашылығының бас инспекторы С. Перковский былай деген екен; "Верный қаласының көркі ретінде апорт алмасы мен орман сұлуының алмұрты атты жемістерді қабыл алуға болады. Редько өз Отанынан апорт алмасын әкеліп, Верныйдың қолайлы жері арқылы әлемге танылды. Ол басында апорт алмасын бақшасында, тек сосын ғана Колпаков атты генералдың бұйрығымен қалаға апорт алмасының ағаштарын еккен. Редьконың апорты арқылы Верный жемісті қала атағына ие болды."
ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдің орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 жылы Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті..
Егер сен саяхаттағанды ұнататын болсаң біздің Павлодар облысына міндетті түрде келуің керек. Павлодар облысы Қазақстанның ең үлкен өзені Ертістің жағасына орналасқан. Жазда достарыңмен немесе ата-аналарыңмен жергілікті жағажайға баруға болады- ол жер өте көркем.
Және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябаққа баруды ұмытпаңыз. Ол Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына кіреді. Баяауыл туристердің жақсы көретін жерлерінің бірі. Саябақ аймағында көптеген үйлер, демалыс орындары бар. Саябақта қолдануға болатын демалыс түрлері бірнешеу, суға түсу, тауға серуендеу, тауға көтерілу, тау велосипедтерімен жүру. Көптеген демалыс орындарында туристік экскурсия болады, оған аздаған ақы төлеп, саябақтың қонақжайлылығын көруге болады- "киелі үңгірді", "тас басты"(мыстан кемпірді), "еркектердің мақтанышы"тасын тағы басқаларды.
Негізгі суға түсетін орын Жасыбай көлі, ең таза, мөлдір, басқа көлдермен салыстырғанда. Онан басқа оның жағасынан әсемдік ашылады. Тек осы көлдің жағасында ең көп демалыс аймақтары бар, ал суға түсуге катамарандар, қайықтар прокатқа беріледі.